Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда жемқорлардың тізімін жариялайтын арнайы сайт ашылуы мүмкін

Қазақстанда жемқорлардың тізімін жариялайтын арнайы сайт ашылуы мүмкін

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев
Елімізде жемқорлық қылмысы бойынша сотталған азаматтардың тізімі арнайы сайтта жарияланады. Мұны БҰҰ аясында Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан аймақтық конференцияда ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші қызмет басшысының орынбасары Жігер Байділдин айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Kazinform агенттігінесілтеме жасап.

«Қоғамдық бақылауды күшейту үшін жемқорлардың тізімін жариялау сияқты заңнамалық нормалар пысықталып жатыр. Егер лауазымды тұлға немесе шенеулікке қатысты сот үкімі шығатын болса, онда ол уәкілетті органмен (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі – авт.) реестрге енгізіледі. Бұл – сайтта жария болады. Кез-келген азамат онлайн түрде сол сайтқа кіріп, қандай лауазымды тұлға қаншаға, қандай бап бойынша сотталды деген сияқты деректерді көре алады», - деп түсіндірді Жігер Байділдин.

Ол атап өткендей, парақорлар тізімін жариялау бойынша әуелі заңнамалық актілерді қабылдау қажет. Агенттік дерегінше, бекітілуі мүмкін ереже ешкімнің заңды құқығын шектемеуі және ҚР Конституциясының талаптарына қайшы болмауы тиіс.

Ведомствоның ресми өкілі Арман Тілеукеновтің айтуынша, бұл жүйе жұмыс берушілер үшін тиімді болмақ. Нақты тоқталсақ, қандай да бір кандидатты қызметке алмас бұрын, басшы сол сайтқа кіріп, ол үміткердің жемқорлық жасаған-жасамағанын біле алады.

Сот үкіміне сай жазасын өтеп, мемлекеттік қызметте жұмыс істеуіне салынған тыйым уақытын өткергеннен кейін реестрде тұрған азаматтардың деректері тізімнен алынып тасталуы мүмкін. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі әзірге бұл талаптарды пысықтап жатыр.
17 қазан 2024 ж. 164 0

Жол уақытша жабылады

20 қазан 2025 ж. 105

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031