Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Дархан Құрақбаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары болды

Дархан Құрақбаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары болды

Мемлекет басшысының өкімімен Дархан Ғалымтайұлы Құрақбаев Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды. Бұл туралы inform.kz Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.
Дархан Құрақбаев 1983 жылы туған.
2000 – 2004 ж.ж. – Қаржы полициясы академиясының тыңдаушысы (курсанты).
2004 – 2006 ж.ж. – Ақмола облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің (қаржы полициясы) Есіл аумағы бойынша Ауданаралық қаржы полициясы бөлімінің анықтаушысы, тергеушісі.
2006 – 2008 ж.ж. – Ақмола облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің (қаржы полициясы) тергеу басқармасының аға тергеушісі.
2008 – 2014 ж.ж. – Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) тергеушісі, аға тергеушісі, аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі.
2014 – 2017 ж.ж. – Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) аса маңызды істер бойынша тергеушісі, тергеу басқармасы басшысының орынбасары.
2017 – 2021 ж.ж. – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Павлодар облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары (тергеу жұмысы бойынша).
2021 – 2022 ж.ж. – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Арнайы департаментінің басшысы.
2022 жылғы 11 қазаннан бастап Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы.
02 мамыр 2023 ж. 265 0

Жол уақытша жабылады

20 қазан 2025 ж. 128

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031