Денсаулық сақтау министрлігі мектептер мен балабақшаларға қойылатын санитарлық талаптарды өзгертті
Енді балабақшаларда енді бір бөлмеде ойнап, тамақ ішуге рұқсат етілмейді.
Фото: freepik
Денсаулық сақтау министрлігі мектептерге және мектепке дейінгі ұйымдарға қойылатын санитарлық талаптарды өзгертті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жаңа ереже бойынша әрбір балаға шаршы метр белгіленді.
"Мектепке дейінгі ұйымдардың жас тобындағы үй-жайларын жобалау кезінде киім ауыстыратын бөлме, ойын бөлмесі, жатын бөлме, асхана және дәретхана кіреді", – делінген бұйрықта.
Енді мектепке дейінгі мекемелердің аумағы жаңа стандарттарға сай болуы керек.
"Киім ауыстыру бөлмесі бір балаға кем дегенде 0,7 шаршы метр мөлшерінде жобалануы керек. Ойын бөлмесі - 2 шаршы метр, асхана және тарату алаңы - 3,8, жатын бөлме - 1,8 шаршы метр, мектеп жасына дейінгі топтарға арналған дәретхана - 16 шаршы метр, кіші топтарда - 12 шаршы метр болуы шарт", – делінген денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығында.
Ескі стандарттар бойынша жобаланған және салынған ғимараттарға бұл ережелер енгізілмейді.
Бұйрықта егер қосымша орын болған жағдайда жатын бөлме мен ойын бөлмесін біріктіруге рұқсат етілгені айтылған.