Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бір қазақстандыққа қанша шаршы метр тұрғын үйден келеді?

Бір қазақстандыққа қанша шаршы метр тұрғын үйден келеді?

Сарапшылар бір қазақстандыққа қанша шаршы метр баспана келетінін есептеді, - деп хабарлайды.tengrinews.kz
Қазақстанның бір азаматына 23,4 шаршы метр тұрғын үйден келеді. Мұндай деректер Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің 2023-2029 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымын дамыту тұжырымдамасында көрсетілген.
Тұрғын үймен қамтамасыз етудің ең жоғары көрсеткіші Астанада - бір адамға 30,5 шаршы метр. Екінші орын алматылықтарға тиесілі - 29,1 шаршы метр. Әрбір тұрғынға орта есеппен 28,4 шаршы метр баспана берілген Маңғыстау облысы үздік үштікті түйіндеп тұр.
Келесілер:
Шымкент қаласы - 27,4 шаршы метр;
ШҚО - 26,5 шаршы метр;
Ақмола облысы - 26,1 шаршы метр;
Атырау облысы - 26 шаршы метр.
Сонымен қатар, қалаларда қамтамасыз ету деңгейі ауылдық жерлерге қарағанда жоғары: бір қала тұрғынына шаққандағы тұрғын үй алаңының жалпы ауданы 25,8 шаршы метрді, ауылдық жерлерде - 19,8 шаршы метр.
Ең төменгі көрсеткіш Жамбыл облысының ауыл тұрғындары арасында - орташа есеппен 15,8 шаршы метр.
02 наурыз 2023 ж. 492 0

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж. 127

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930