Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазгидромет Астана мен тағы 8 қаланың тұрғындарына ескерту жасады

Қазгидромет Астана мен тағы 8 қаланың тұрғындарына ескерту жасады

Фото:depositphotos.com
Қазгидромет Астана мен тағы сегіз қала тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"2024 жылғы 17 қазанда Петропавл, Павлодар, Қарағанды, Жезқазған, Теміртау, Өскемен, Ақтөбе, Астана қалаларында және түнде Атырауда қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді", - делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
17 қазан 2024 ж. 183 0

Сенбідегі серпін

01 сәуір 2025 ж. 180

Сыр перзенті

01 сәуір 2025 ж. 168

Кеудесін оққа тосқан

01 сәуір 2025 ж. 161

Tik-Tok тәлім бере ме?

01 сәуір 2025 ж. 172

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930