Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қылмысы жоқ елдің келешегі де кемел болады

Қылмысы жоқ елдің келешегі де кемел болады

Соңғы кездері ел ішінде жасөспірімдер арасында топтық қақтығыс, буллинг секілді оқиғалар белең алды. Қазалы ауданында осы сияқты олқылықтардың алдын алу мақсатында түрлі іс-шаралар жүргізілуде. Тіпті аудан полицейлерімен біріге түнгі рейд ісін бәсеңсіген емес.

Жуырда Қызылорда облысының прокуроры Р.Ожаровтың бастамасымен «Қылмыссыз өңір – кемел келешек кепілі» жобасы аясында Қазалы ауданы прокуратурасының ұйымдастыруымен аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері бірлескен түрде №94 және №190 орта мектептің оқушылары және ата-аналарымен кездесу өткізді.
Білім ордасында өткен кездесуде кәмелетке толмаған балалардың сабақтан қалу деректері, түнгі мезгілде заңды өкілінсіз жүру, кәмелетке толмағандар арасында суицид деректері, топтық төбелестердің алдын алу жайында әңгіме өрбіді. Сонымен қатар «Қылмыссыз өңір – кемел келешек кепілі», «Буллингке жол жоқ», «Нашақорлыққа жол жоқ», «Лудомания», «Зорлық зомбылықсыз отбасы» сынды тақырыпта құқықтық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Ұстаздарға, ата-аналарға және оқушыларға арнайы дайындалған бейнеролик көрсетілді.
Жиын қорытындысында аудан тынышытығын күзеткен азаматтар алдағы уақытта бұл бағыттағы құқықтық түсіндірме және профилактика барысында құқық бұзушылық деректерін анықтау жұмыстары – жалғасын табатынын хабарлады.
– Бүгін үлкен әрі пайдалы жиын өтті. Мұнда ата-ана мен балалар қатар келді. Әдетте үйде тек дастарқан басында ғана жиналамыз. Ал басқа уақытта бала өз еркінде, сабағы, ­ойыны тағы бар. Жиында қоғамда болып жатқан оқиғаларды естіп, біліп, балаға әсер ететін түрлі факторларды, нашар орта жайында да білдік. Алда осы тектес жиындар көптеп болса өз септігі тиіп, оң нәтиже берері сөзсіз, – дейді Айгүл есімді ата-ана.

Серік ӘЛИҰЛЫ
12 қазан 2024 ж. 99 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 62

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930