Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада бала тәрбиесіне қатысты жиын өтті

Қызылордада бала тәрбиесіне қатысты жиын өтті

Қызылорда қаласындағы Т.Есетов атындағы №264 мектеп-лицейдің акт залында қала әкімінің орынбасары Жанмұрат Сейіловтың төрағалығымен жастар мен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алуға бағытталған кеңейтілген жиын өтті.
Жиынға қалалық мәслихат төрағасы, қалалық прокуратураның бөлім басшысы, қалалық полиция басқармасының бастығы, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары, қалалық білім бөлімінің басшысы, барлық мектеп директорлары, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, психологтары, ювеналды полиция инспекторлары, арнаулы орта оқу орындарының директорлары мен орынбасарлары қатысты.
Жиын барысында білім беру ұйымдарындағы кәмелетке толмағандар арасында орын алған құқық бұзушылықтар бойынша талдау жасалып, алдағы уақытта атқарылатын міндеттер талқыланды.
«Өздеріңізге белгілі, аймағымыздағы білім беру ұйымдарында кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың, жазатайым оқиғалардың, топтық төбелестердің және түнгі мезгілде заңды өкілінсіз жүру жағдайлары белең алуда. Сондықтан, бүгінгі жиынымыздың басты мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмысты болдырмау және оның алдын алу жөнінде профилиактикалық шаралар қабылдау», - деді Жанмұрат Жақсымұратұлы.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша, Қызылорда қаласы полиция басқармасы басшысының орынбасары Нұрлыбек Қордабайдың «Кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстар, зорлық-зомбылықтар мен оларға қарсы жасалған жұмыстар барысы» туралы, қалалық білім бөлімінің басшысы Ерлан Бодановтың «Білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмыстары және құқық бұзушылықтың алдын алу» туралы бірқатар мектеп басшылары «Жалпы білім беру ұйымдарында орын алған оқыс оқиғалар» туралы хабарламалары тыңдалып, жұмысты өз деңгейінде үйлестіре алмаған сала басшыларына ескерту жасалды.
Жиын барысында қалалық мәслихат төрағасы Ибадулла Құттықожаев, қалалық прокуратураның бөлім басшысы Бахыт Жанаділов, қалалық полиция басқармасының бастығы Әбдібек Жаназаров күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір білдіріп, жауапты тұлғаларды жұмыла жұмыс жасауға шақырды.
Жиын қорытындысымен білім беру ұйымдарының басшыларына, құзырлы мекемелерге бірқатар тапсырмалар берілді. Мәселен, оқушылардың күнделікті мектепке келуін және қайтуын қатаң бақылауға алу, мектепке бару-қайту кезіндегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету, профилактика жұмыстарын күшейту, құқық бұзушылыққа бейім жасөспірімдерді анықтап, оларды сабақтан тыс уақытында ақысыз спорт секцияларына және үйірмелерге қатыстыруды қамтамасыз ету және психолог мамандарымен ұдайы көмек көрсету жүктелді.
Қала әкімінің орынбасары - күн тәртібіндегі мәселе әрдайым өзекті және қала әкімдігінің қатаң бақылауында болатынын жеткізді.
Айта кету керек, өткен тәулікте Қызылорда қаласы әкімдігінің бастамасымен жүргізілген рейд барысында заңды өкілінің қарауынсыз жүрген 22 жасөспірім анықталып, ата-аналарына әкімшілік хаттамалар толтырылды.
12 сәуір 2023 ж. 258 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 74

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 69

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930