Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 10 млн теңге қарызы бар азамат анықталды

10 млн теңге қарызы бар азамат анықталды

Түркістан облысының тұрғыны биылғы мамырдан бері несиесін төлемеген.

Өңірдегі патрульдік полиция батальоны қызметкерлерінің планшетіне 10 млн теңге қарызы бар Toyota Corolla көлігі бойынша дабыл түскен, деп хабарлайды aqshamnews.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Автомобиль Сайрам-Ақсукент тас жолында тоқтатылды.

Көлікті сақтандыру полисі бойынша әйел басқарған. Тексеру кезінде автомобиль оның күйеуінің атына жазылғаны белгілі болды. Алайда ер адамның банкке қомақты қарыз екені анықталды. Ол мамырдан бері қарызын төлемегендіктен полицияға сот орындаушысынан қаулы түскен.

"Мәліметтер базасын тексеру барысында тоқтатылған көліктің иесінде 10 млн теңге қарыз бары анықталды. Көлікті арнайы айыптұраққа қойдық. Қарыз өтелмейінше, сот орындаушының рұқсаты келмейінше, автомобиль сол жерде тұрады", – деді облыстық патрульдік полиция батальонының командирі Алмас Мырзахметов.

Полиция облыс тұрғындарына берешекті уақытында төлеуге кеңес береді.
11 қазан 2024 ж. 170 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.
Атамның әңгімесі

Атамның әңгімесі

03 мамыр 2024 ж.
Кіндік шешеңіз кім?

Кіндік шешеңіз кім?

12 наурыз 2024 ж.
Көнеден қалған мұра

Көнеден қалған мұра

20 ақпан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930