Қазалыда «Таза Қазақстан» акциясы аясында кезекті сенбілік ұйымдастырылды
Бүгін Қазалы ауданының орталығы Әйтеке би кентінде және барлық елді мекендерде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті сенбілік жұмыстары жүргізілді.Аудан орталығы Әйтеке би кентінде ұйымдастырылған тазалық жұмыстары барысында кенттің кіреберісі мен айналма жолында, Жанқожа батыр және Жалаңтөс баһадүр көшелерінде тазалық жұмыстары ұйымдастырылып, көшелер бойындағы тұрмыстық қалдықтар жиналды. Сонымен қатар бей-берекет өскен шөптер шабылып, аумақтарды ретке келтіру жұмыстары атқарылды.
Аудан әкімі Алмасбек Есмаханов сенбілік жұмыстарының барысын аралап, жауапты сала басшыларына кент аумағының санитарлық тазалығын тұрақты бақылауда ұстау, қоғамдық орындар мен көше бойларын күтіп ұстау және абаттандыру жұмыстарын жүйелі жүргізу жөнінде нақты тапсырмалар берді.
Бүгінгі тазалық жұмыстарына аудан бойынша 143 мекемеден 1 832 адам және 11 арнайы техника жұмылдырылды. Нәтижесінде полигондарға 13,7 тонна тұрмыстық қалдық шығарылды.
Бүгінгі тазалық жұмыстарына аудан бойынша 143 мекемеден 1 832 адам және 11 арнайы техника жұмылдырылды. Нәтижесінде полигондарға 13,7 тонна тұрмыстық қалдық шығарылды.Тазалық – бір күндік науқан емес, ортақ жауапкершілік пен күнделікті мәдениеттің көрінісі. Осы бағыттағы жұмыстар «Таза Қазақстан» акциясы аясында аудан көлемінде алдағы уақытта да тұрақты жалғасын табады.














