Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда 2027 жылы дзюдодан әлем чемпионаты өтеді

Қазақстанда 2027 жылы дзюдодан әлем чемпионаты өтеді

Фото: instagram/Ербол Мырзабосынов

KAZINFORM – Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Будапешттегі сапарында Халықаралық Дзюдо Федерациясының (IJF) президенті Мариус Визермен өте маңызды кездесу өткізді. Нәтижесінде елімізде дзюдоны дамыту бағытында бірқатар маңызды келісімдерге қол қойылды. Бұл туралы ведомство басшысы Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасына жазды.  
«Дзюдоның жанкүйерлеріне жақсы жаңалық! 2027 жылы дзюдодан әлем чемпионатын Қазақстанда өткізу туралы келісімге келдік. Бұл еліміз үшін үлкен абырой, әрі қазақстандық спортшылар үшін үлкен мүмкіндік болмақ. Өйткені чемпионат Лос Анджелес олимпиадасының қарсаңында өтеді. Сонымен қатар, Халықаралық Дзюдо Федерациясының академиясының өкілдігін Қазақстанда ашу туралы уағдаластыққа қол жеткіздік. Бұл бастама біздің спортшыларымыз бен жаттықтырушыларымыздың кәсіби деңгейін көтеруге үлкен септігін тигізетініне сенімдімін», — деп жазды ол.
09 қазан 2024 ж. 249 0

Азат елдің тұғыры

30 тамыз 2025 ж. 197

Ата Заң – тұғырлы тірек

30 тамыз 2025 ж. 197

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930