Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бакуде қазақ күресінен Еуропа чемпионаты өтеді

Бакуде қазақ күресінен Еуропа чемпионаты өтеді

Биыл күзде Әзербайжанда қазақ күресінен Еуропа чемпионаты өтеді. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Ербол Мырзабосынов мәлім етті, деп хабарлайды inform.kz.
«Өткен жылы алғаш рет қазақ күресінен әлем чемпионаты ұйымдастырылды. Оған 40-қа жуық елден спортшылар қатысты. Бұл қазақ күресін Олимпиада ойындарының бағдарламасына енгізу бағытындағы жұмыстардың бірі. Биыл қазақ күресінен Азия чемпионаты Өзбекстанда өтті. Енді Еуропа чемпионаты Әзербайжанда (Бакуде) өтеді деп жоспарланған. Бүгінде ол бойынша біздің қауымдастық тарапынан ауқымды жұмыс атқарылып жатыр» - деді Ербол Мырзабосынов елордада өткен Qazaq kuresi қауымдастығы жиынынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере тұрып.
Оның айтуынша, Еуропа чемпионатын қыркүйек немесе қазан айында өткізу жоспарланып отыр.
Айта кетейік, бүгін елордада Qazaq kuresi қауымдастығының кезекті жиыны өтті. Оның барысында қауымдастықтың жаңа президенті таныстырылды.
12 шілде 2023 ж. 541 0

Жасыл орман жайқалса...

12 шілде 2025 ж. 127

Еңбегі еселі ер

12 шілде 2025 ж. 126

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031