Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әскерден бас тартып жатқандар жоқ – Қорғаныс министрлігінің өкілі

Әскерден бас тартып жатқандар жоқ – Қорғаныс министрлігінің өкілі

Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform

Биыл әскери бөлімшелердің қажеттілігіне сәйкес және жауынгерлік дайындықты қолдау мақсатында мерзімді әскерге шақырылғандардың саны артқан. Бұл туралы ҚР Қарулы Күштері бас штабы ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы департаменті бастығының орынбасары Фархат Айдарбеков мәлім етті, деп жазады Kazinform.

«Әскери бөлімшелердің қажеттілігіне сәйкес және жауынгерлік дайындықты қолдау мақсатында біз мерзімді әскерге шақырылатындар санын арттырдық. Әскерге шақырылып жатқан жөспірімдердің негізгі контингенті 18 жастан 23 жасқа дейін», - деді Фархат Айдарбеков Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.
Сондай-ақ, журналистер Қорғаныс министрлігі өкілінен кейінгі уақытта әскери қызметшілер мен сарбаздар арасында өлім және суицид фактілерінің көбейіп кету факторы отан алдындағы міндетін өтеуге ниеттілерге әсері туралы сұрады.
«БАҚ-тағы жағымсыз ақпараттар әскерге шақыру сапасына әсер еткен жоқ. Әскерге шақыру жасындағы азаматтар өз бетінше келіп жатыр. Әскерден жаппай бас тарту немесе теріс пікір жоқ. Иә, әскерден жалтарушылар бар, бірақ олармен ішкі істер органдары жұмыс істеп жатыр, сол сияқты жергілікті атқарушы органдар да қамтамасыз етеді», - дейді ол.
Оның айтуынша, әскерден сотталған, отбасылық жағдайларға байланысты, оқу, денсаулық жағдайы тағы басқа себептермен босатылады.
Бұған дейін Қорғаныс министрлігі өкілі кәмелет жасына толған жастарды әскерге көшеден еріксіз алып кету заңды ма, деген сауалға жауап берді.
09 қазан 2024 ж. 217 0

Қазақстанда күз қалай өтеді?

03 қыркүйек 2025 ж. 147

Қауіпке қарсы қам

03 қыркүйек 2025 ж. 203

Қағылды алғашқы қоңырау

03 қыркүйек 2025 ж. 172

Өгей өмір

03 қыркүйек 2025 ж. 151

Аяқдоп арманға жеткізді

03 қыркүйек 2025 ж. 167

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930