Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Өмірлік мақсаттарға жол ашады

Өмірлік мақсаттарға жол ашады

«Білімнің кілті – бастауышта» деген жолдар өркениет өрістеп, өзгерістерге бой алдырса да, өміршеңдігін жойған емес. Отбасындағы тәрбиені алып келген баланың өмірге құштарлығы мен білімді игеру мүмкіндігін ұялататын мектептегі мұндай мұғалімнің маңызы зор. Қызығы сол, тұңғыш қолына қалам ұстағанда қалыптастырған дағдысын ешкім ешқашан өзгерте алмайды деген түсінік бар психологтар арасында. Адамның алғашқы ұстазына ұқсап жататыны да осыдан болса керек. Кетік тіс, бұйра кекілді балапандарды қабылдап алатын Самал апайға ұқсауға әр оқушы құштар. Мұны өз ісін басты бағытына балайтын мұғалімнің жеткен жетістігі деуге болады.

Қожабақы ауылындағы №25 мектептің зерттеуші педагог санатындағы ұстазы бүгінде өзі білім алған шаңырақта қызмет етеді. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің түлегі еңбек жолын бастаған күннен бері уақыт талабына сай білім беруде жан-жақты ізденісімен ілгерілеп келеді.
Республикалық, облыстық «Үздік мультимедиялық презентация», «Мен және менің коучингм» «Үздік сабақ жоспары», Білім берудегі инновациялар мен тәжірибе: уақыт талабы», «Тәжірибе алаңы – 2017”, 2019 жылғы Республикалық «Педстарт» математикалық сайысы, «Үздік педагог», «Кемеңгер ұстаз», ІV Республикалық «Үздік сынып жетекші» қашықтық олимпиадасында тәжірибесімен дараланған Самал Сәрсеннің есімі көпке таныс.
2020 жыл, республикалық «ПедСтарт» қашықтық олимпиадасынан, 2021 жылы аудандық «Жаңартылған білім беру жүйесінде бастауыш сынып оқушыларын оқытуда кездесетін қиындықтарды шешу жолдары» тақырыбындағы педагогикалық оқуда, аудандық «Үздік бастауыш сыныптағы жаратылыстану пәнінің мұғалімі – 2021» байқауында, 2022 жылы аудандық «Мен ұнатқан кітап» тақырыбындағы буктрейлер сайысында, «Мағжан педагогикасы негізінде жүргізудің ғылыми-әдістемелік негіздері» пед оқу байқауында үздік үштіктен көрінген.
Облыстық «Педагогикалық идеялар аукционы – 2023» байқауында «Үздік замануаи сабақ» номинациясы бойынша, аудандық «Шебер ұстаздың-шебер сыныбы» тақырыбындағы оқу-әдістемелік семинарында жұмысы жоғары бағаланған.
Самал Байзекеқызы «Қазіргі заман білім берудің өзекті мәселелері» пед оқу байқауы, облыстық, аудандық «Үздік авторлық жобалар» байқауының жеңімпаз, жүлдегері.
2023 жылы «Менің іс-тәжірибемнен» тақырыбындағы оқу-әдістемелік семинарда жұмысы үлгілілер қатарына қосылса, 2024 жылы Республикалық «Зерде» конкурсынан аудандық кезеңінде бірінші орынға ие болса, облыстық кезеңінде үшінші орынға қол жеткізеді. Сондай-ақ аудандық «Халықаралық зерттеу. Функционалдық сауаттылық. Интеллектуалды оқушы» тақырыбындағы педагогикалық оқуда екінші орынды қанжығалайды. Үлгілі жұмыстары салалық басылымдар беттерінен көрініп келеді.
Отыз жылдан аса қызмет өтілі бар ұстаздың оқушылары жеткен жетістіктері ауыз толтырып айтарлық. К.Балғабай, Н.Жәниет Нұргүл, Т.Амангелді, С.Құлманова, Р.Аяған, Б.Қаракесек, А.Талғат, Қ.Шарфат, Е.Қожахмет, Н.Айдостар түрлі деңгейде жарыстарда топ жарып, тынылып жүр.
2019 жылы «Әл-Фараби» Республикалық зияткерлік олимпиадасында оқушылары бірінші орын алса, «Ақбота» зияткерлік олимпиадасы шәкірттері топтан озып, жеңіс тұғырынан көрінген. 2022 жылы Республикалық «Мақатаев оқулары» байқауында бақ сынаған 9 оқушысының 2-уі бас жүлдені бұйдаласа, 4 оқушы бірінші орын биігінен көрінген. 4 оқушыға екінші орын бұйырған. «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» оқуына қатысқан талапкерлерінің 2-уіне бас жүлде бұйырса, 5 оқушы бірінші орын, бір оқушы екінші орынға ие болады. «Кенгуру – математика барлығы үшін» Республикалық сайысында баулыған балалары үшінші орын алады.
2022 жыл Республикалық «Бояулар құпиясы» жас суретшілер байқауы 6 оқушысы өнерімен озады. Сол жылы Республикалық балалар оқулары байқауының аудандық кезеңінде К.Иса «Жүйрік ойлы оқырман» номинация­сымен марапатталған. 2023 жылы Б.Қанай ғылыми жобалар байқауында үшінші орын алса, аудандық «Жас шеберлер қалашығы» көрме байқауында К.Иса шығармасы ең үздік деп табылады. Республикалық «Бояулар құпиясы» шығармашылық байқауында екі оқушысы бірінші орын биігінен көрінеді.
2023 жыл «Кенгуру – ойын-конкурсы» Республикалық сайысына қатысқан оқушылары үшінші, екінші орынға қол жеткізеді. 2024 жыл республикалық «Абай оқулары» конкурсында 4 оқушысы топ жарады.
«Баланы деңгейлеу деген сыңаржақ ұстанымға түбегейлі қарсымын. Бастауыш сынып мұғалімі болу жауапкершілік әрі жаңа қадамдарға қадымдататын мол мүмкіндіктер алаңы. Әр баланы қабілетіне қарай баулу арқылы өмірлік мақсат-мұраттарына жол ашуға болады», – дейді бізбен әңгімесінде «ҚР Оқу-ағарту министрлігінің білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісінің иегері.

Алтын ҚОСБАРМАҚОВА
05 қазан 2024 ж. 146 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031