Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда жетімдер саны азайды

Қазақстанда жетімдер саны азайды

Ата-ана қамқорлығынсыз қалған 4,5 мың бала өз үйіне оралды. Бұл туралы бүгін ҚР БҒМ Балалар құқығын қорғау комитетінің төрағасы Нұрбек Ойшыбеков айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Заман талабына сай елімізде жыл сайын балалардың құқықтарын және олардың мүдделерін қорғайтын заңнамалық құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар қабылдануда. 2017  жылы да сондай өзгерістер қабылданды. Атап айтсақ, халықаралық тәжірибеге сүйеніп, қабылдаушы және қонақ отбасы түсініктері енгізілді. Жетім және ата-анасының  қамқорлығынсыз қалған балалардың республикалық банк деректері, түсініктері және жұмыс істеу ұстанымдары заңнамалық актілерге енгізіліп, бүгінгі күні жүзеге асырылуда», - деді Н. Ойшыбеков ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің халықпен есептік кездесуі барысында.
Оның атап өтуінше, отбасылық құрылымның мұндай барлық формасына мемлекет тарапынан материалдық кепілдік беріледі. Соның нәтижесінде соңғы жылдары балалар үйінде тәрбиеленушілердің, балалар үйлерінің қатары азайып келеді.
«Соңғы 5 жылда жетім балаларға арналған ұйымдардағы балалардың саны 40 пайызға, 10 мыңнан 6 мыңға дейін қысқарды. Бұған қоса, 4,5 мың бала туған отбасына оралды. Осының арқасында елімізде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен жетімдерге арналған 50 мекеме таратылып, жабылды», - деді Нұрбек Ойшыбеков.
Комитет басшысының дерегінше, елімізде 5 млн 600 мыңнан астам бала бар. оның 3 миллоннан астам мектеп жасында, болса, 2 миллионнан астамы мектепке дейінгі жастағы сәбилер.
25 сәуір 2018 ж. 2 453 0

Қазақстанда күз қалай өтеді?

03 қыркүйек 2025 ж. 145

Қауіпке қарсы қам

03 қыркүйек 2025 ж. 201

Қағылды алғашқы қоңырау

03 қыркүйек 2025 ж. 170

Өгей өмір

03 қыркүйек 2025 ж. 149

Аяқдоп арманға жеткізді

03 қыркүйек 2025 ж. 164

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930