Прокуратура онлайн ойындардың балалар мен жасөспірімдерге әсерін тексереді
Мәжіліс отырысында бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев онлайн-ойындардың балалар мен жасөспірімдер арасында суицидке әсерін анықтайтынын мәлімдеді. Қазіргі таңда тергеу тағайындалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Pixabay.com
Прокурорлар 15 мың зиянды сайт пен сілтемені бұғаттап үлгерді. Балалар омбудсмені Әсем Асайынованың айтуынша, бұған ата-аналардың немқұрайлылығы себеп болуы мүмкін. Себебі ата-ана балаға жасалған кибербуллингке мән бермей жатады, ал буллинг сенімсіздікке әкеледі.
“Бізде сын, айыптау бар, балалар осыдан қорқады. Олар қолдауды желіден емес, жақындары, туған-туыстары, ата-анасынан іздеуі керек. Біздегі басты мәселе баланың жалғыз қалуы деп ойлаймын...” – деді Ақмола облысының балалар құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілі Әсем Асайынова.
Психологтар сенімді қалыптастыруға кедергі келтіретін үш факторды анықтады. Біріншісі - эмоционалды түрде суық ата-аналар, олар баладан алыстауға тырысады. Екіншісі – ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынастың жеткіліксіздігі, бірлескен ойындар мен уақыттың болмауы. Ал үшіншісі – ата-ананың біліммен, өмірлік тәжірибемен бөлісуге құлықсыздығы.
“Балаларыңызды қызықтыратын нәрселерді зерттеп, олармен уақыт өткізу керек. Тек сұрақ қоя салу емес, жалпы мектептегі болсын күнінің қалай өткеніне қызығу қажет. Егер сенімді қарым-қатынас болса, ойын, іс-әрекет болса, бала ашық болады”, – деді практик психолог Филипп Кочерин.
Ішкі істер министрлігі балалардың мінез-құлқының кенеттен өзгеруінің себептерін де атады: жалғыздық пен қажетсіздік сезімі, қаржылық жағдай, ата-анамен немесе мектептегі жанжалдар, отбасындағы ажырасу, жазадан қорқу.
“Кейде қарапайым қамқорлық қиын жағдайда шешуші фактор болуы мүмкін. Сондай-ақ балаларыңызбен желіде қауіпсіз мінез-құлықты талқылау маңызды. Оларға әлеуметтік желілер мен онлайн ойындармен байланысты тәуекелдерді түсіндіріңіз. Көмек сұраудан ұялмауға үйретіңіз”, – деп мәлімдеді ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев.
Сіз әрқашан балаңыздың кіммен дос екенін, желіде кіммен сөйлесетінін және бос уақытын қалай өткізетінін білуіңіз керек.