Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлттық банк мысықтың суреті бар жаңа тиындарды айналымға шығармақ

Ұлттық банк мысықтың суреті бар жаңа тиындарды айналымға шығармақ

Монеталар Қазақстанның теңге сарайында жасалады. 
Фото: inbusiness.kz
Ұлттық банк "Жүректен жүрекке" монеталар сериясынан “Шаңырағыңыз шаттыққа толсын” коллекциялық монеталарын айналымға шығаратынын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Су жаңа монеталар 3 қазаннан бастап Ұлттық банктің интернет-дүкенінде сатылымға шығады. 
"Шаңырағыңыз шаттыққа толсын (Үйіңде тыныштық болсын) монетасы жер бетіндегі бейбітшілік пен ошақ жылуын білдіреді. "Шаңырағыңыз шаттыққа толсын" деген сөздер адамдар бір-бірімен тату-тәтті өмір сүрсін, үй иелеріне тыныштық пен береке болсын деген тілектк айтылады”, – делінген хабарламада.
Монетада терезенің жақтауында жатқан мысықтың суреті бар. Сондай-ақ шаңырақтың, ою мен тағаның суретін де байқауға болады. Бұл монеталар 925/1000 сынамалы күмістен жасалған, массасы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, номиналы – 1000 теңге. Тиынның таралымы – 2000 дана.
“Коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында номиналды құны бойынша төлемнің барлық түрлері үшін, сондай-ақ банк шоттарына есепке алу үшін және еліміздің барлық банктерінде аудару, майдалау және айырбастау үшін қабылдануға міндетті”, – деп жазды Ұлттық банк.
02 қазан 2024 ж. 89 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031