Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жапония үкіметі отставкаға кетті

Жапония үкіметі отставкаға кетті

Сигэру Исиба. Фото: x.com/shigeruishiba
Жапония үкіметі отставкаға кетті. Ел парламенті жаңа премьер-министрдің кандидатурасы бойынша дауыс беруге дайындалып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Kyodo агенттігіне сілтеме жасап.
Үкімет басшысы парламентке партиялар ұсынған кандидаттардың көпшілік дауысымен сайланады. Әдетте бұл партия жетекшілері. Осылайша парламенттегі көпшілік орынға ие болған партия басшысы премьер-министр болады.

БАҚ мәліметінше, либерал-демократиялық партия мен "Комейто" партиясының құрамындағы басқарушы коалиция Парламенттің екі палатасында да көпшілік орынға ие болғандықтан, өткен аптада ЛДП басшысының сайлауында жеңіске жеткен Жапонияның 102-ші премьер-министрі Сигэру Исиба болады. Ол сейсенбіде жаңа үкімет құрады деп күтіледі, оны сол күні кешке Жапония Императоры Нарухито бекітеді.

Сондай-ақ, 9 қазанда парламенттің төменгі палатасы таратылады, ал кезектен тыс жалпы сайлау 27 қазанға белгіленеді деп күтіледі.

01 қазан 2024 ж. 199 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031