Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда орташа айлық жалақыға қанша бензин сатып алуға болады?

Қазақстанда орташа айлық жалақыға қанша бензин сатып алуға болады?


Көрнекі сурет
Биылғы қаңтар-тамыз айларының қорытындысы бойынша елде 3,5 млн тонна қозғалтқыш отыны өндірілген. бұл – 2023 жылғы аңтар-тамыз айларына қарағанда 1,8%-ға артық, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

EnergyProm порталының мәліметінше, Қазақстандағы бензин бағасы жылына 0,8%-ға өсті. Бұл ретте жеке маркалар әртүрлі динамиканы көрсеткен. АИ-98 бензині бір жылда 13,1%-ға, АИ-95/АИ-96 5%-ға қымбаттады, ал АИ-92 маркалы бензиннің бағасы өзгерген жоқ.

Өңірлер бойынша бағаның ең көп өсуі Батыс Қазақстан облысында байқалды: 2,8%-ға. Бензин бағасының өсуі еліміздің 20 өңірінің 14-інде тіркелді. Алматы облысында баға өткен жылдың тамыз айындағы деңгейде сақталды, ал Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау және Ақтөбе облыстарында, сондай-ақ Шымкентте бензин арзандады, бірақ өте аз.

Тамыз айында АИ-92 маркалы бензиннің орташа бағасы 202 тг, АИ-95/АИ-96 — 254 теңге, АИ-98 — 292 теңгені құрады.

Numbeo деректеріне сәйкес, 2024 жылғы 27 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстанда бір орташа айлық жалақыға 1,2 мың литр бензин сатып алуға болады. Бұл көрсеткіш бойынша еліміз әлемдегі 97 елдің ішінде 32-орынға тұрақтады. Айта кетейік: Қазақстан ТМД елдерінің арасында ең жоғары көрсеткішке ие.

Мысалы, көрші Ресейде бір жалақыға 953 литр бензин, Әзірбайжанда – 702,9 литр, Беларуссияда – 696,4 литр, Өзбекстанда – 442,2 литр, Молдовада – 434,2 литр, Арменияда – 433,4 литр, Украинада – 301 литр сатып алуға болады.

ТМД елдері арасында ең қымбат бензин Молдова мен Арменияда (1,4 АҚШ доллар), Украина (1,3 АҚШ доллар) және Өзбекстан (1 АҚШ доллар). Ал төмен бағалар Беларусьте (0,7 АҚШ доллары), Әзербайжан және Ресейде (0,6 АҚШ доллардан) белгіленді. Салыстыру үшін: Қазақстанда бір литр бензиннің құны 0,5 АҚШ долларды құрады.
30 қыркүйек 2024 ж. 97 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031