Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда бензин құны бір жылда 4%-ға артты

Қазақстанда бензин құны бір жылда 4%-ға артты

Қазақстанда биыл қаңтар-қыркүйек айларында 3,7 млн тоннадан астам бензин, оның ішінде авиациялық бензин өндірілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Energyрrom сайтына сілтеме жасап.
Бір жылда бензин өндрісі 5,6%-ға артты. Мотор отынының өндірісі жетінші жыл қатарынан өсуде.
ҚР мұнай өңдеу зауыттары бензинге сұранысты (ішкі нарықта өткізу және экспорт) қаңтар-тамыз айларында 98,7% - ға, бір жыл бұрын 100%-ға қамтамасыз етті. Тиісті кезеңде өндіріс көлемі 4,3%, яғни 3,3 млн тоннаға дейін, ал импорт бірден 44,7 есе 43 мың тоннаға дейін өсті.

Мотор отынының экспорты, керісінше, 4,2 есе қысқарып, 2022 жылғы қаңтар–тамызда 24 мың тоннаға теңесту. Өз кезегінде, ішкі нарықта сату 8,4%, 3,3 млн тоннаға дейін өсті.
Қыркүйек айының қорытындысы бойынша бензин бір айда 0,3%-ға қымбаттады. Қаңтардан маусымға дейін бензин ай сайын 0,1% -0,2% - ға арзандаған, шілдеде бағалар өзгеріссіз қалды, ал тамызда 0,1%-ға өсті. Нәтижесінде жылдың басынан бері бензин 0,4%-ға арзандады.
Бағаның жылдық өсуі, яғни бір жыда қымбаттауы 4% -ға тең. ҚР өңірлері арасында Солтүстік Қазақстан (5,5%-ға), Павлодар (5,1%-ға) және Батыс Қазақстан (4,8% - ға) облыстарында, сондай-ақ Алматыда (4,8% - ға) бағалардың едәуір өскені байқалады.
Ақмола (бір жылда 2,2% - ға) және Маңғыстау (2,6% - ға) облыстарында аса қымбаттамады.
АИ-92 маркалы бензин жыл басынан бері 0,7% - ға арзандады, ал 2021 жылдың қыркүйегімен салыстырғанда бағасы 3,5%-ға өсті.
АИ-95/96 маркалы бензин жыл басынан бері 1,4%-ға, ал АИ-98 маркалы бензиннің бағасы жыл басынан бері 0,3%-ға өсті.
2022 жылдың қыркүйегінде АИ-92 бензинінің литріне ҚР бойынша орташа бөлшек сауда бағасы – 179 теңге. АИ-95/96 маркалы бір литр бензиннің құны 211 тг, АИ-98 — 232 тг.

ҚР қалаларының ішінде АИ-92 маркалы ең қымбат бензин Петропавл (литріне 184 тг), Астана (литріне 182 тг), Жезқазған (литріне 182 тг) және Қостанайда (литріне 182 тг) сатылды. АИ-95/96 маркалы ең қымбат бензин Қостанайда (литріне 222 тг), Петропавлда (литріне 217 тг) және Алматыда (литріне 215 тг) байқалды. АИ-98 маркалы бензин Павлодарда литріне 242 тг, Қостанайда литріне 238 тг және Алматыда литріне 235 тг.
31 қазан 2022 ж. 423 0

Тиісіп қоймады ғой

15 сәуір 2024 ж. 69

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930