Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Кең дала бағдарламасы аясында шаруалар 70 млрд теңге көлемінде жеңілдетілген несие алды

Кең дала бағдарламасы аясында шаруалар 70 млрд теңге көлемінде жеңілдетілген несие алды

Аграрлық кредиттік корпорация желісімен АӨК субъектілерін қаржыландырудың жалпы көлемінің 40%-дан астамы кредиттік серіктестіктер арқылы рәсімделеді, деп хабарлайды inform.kz.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, жыл басынан бері 216 млрд теңгенің 90 млрд теңгесі несиелік серіктестіктерге қатысушыларды қаржыландыру үшін берілген.
Аграрлық несие корпорациясы - тікелей қаржыландыру жолымен де, сондай-ақ қаржы институттары - кредиттік серіктестіктерді, екінші деңгейдегі банктерді, микроқаржы ұйымдарын, лизингтік компанияларды қорландыру арқылы да АӨК субъектілеріне қолжетімді кредит беруді ұсынатын ірі қаржы институты. Мәселен, биыл АНК арқылы көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері «Кең дала» бағдарламасы бойынша 70 млрд теңге көлемінде жеңілдетілген несиемен қамтамасыз етілді.
«Қалыптасқан макроэкономикалық жағдайды, теңгенің айырбас бағамының әлсіреуін, дала жұмыстарын жүргізу бойынша шығыстардың қымбаттауын ескере отырып, Ауыл шаруашылығы министрлігі қосымша 70 млрд теңге тарту және кредиттеудің жалпы көлемін 140 млрд теңгеге дейін жеткізу бойынша жұмыс жүргізіп, олар толық көлемде Аграрлық несие корпорациясына аударылды», - деп хабарлады Ауыл шаруашылығы вице-министрі Рүстем Құрманов.

18 тамыз 2022 ж. 408 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 65

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 60

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930