Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жоғарғы Сот мектептерде орамал тағуға тыйым салуды жойған жоқ

Жоғарғы Сот мектептерде орамал тағуға тыйым салуды жойған жоқ


Фото: Артем Чурсинов
БАҚ пен әлеуметтік желіде "Жоғарғы Сот мектептерде орамал тағуды заңды деп тапты" деген жалған ақпарат таралуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Істі қарау аясында Жоғарғы Соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы білім беру мекемесінде орамал тағудың заңдылығы жөніндегі мәселені талқылауға араласпаған.

Кассациялық саты мектептің оқушыны сабаққа жібермеуін заңсыз деп таныды. Өйткені білім алу құқығы - Қазақстан Республикасы азаматтарының негізгі конституциялық құқықтарының бірі.

Бейінді Министрлікте орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту жөніндегі өкілеттіктер бар. Министрдің тиісті бұйрығы заңсыз деп танылмаған және күші жойылмаған. Сондай-ақ ата-аналар мектеп жарғысы мен мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтау міндетіне жауапты екенін атап өтеміз. Бұл ретте ата-аналардың балаларды тәрбиелеу мен білім беру, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі өздеріне алған және заңда белгіленген, оның ішінде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте көзделген міндеттерді орындамауы жауаптылыққа әкеп соғады, - делінген хабарламада.
26 қыркүйек 2024 ж. 155 0

Ана сүтінің маңызы

21 сәуір 2025 ж. 62

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930