Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мектеп оқушыларына кимешек киюге рұқсат берілуі мүмкін – министр

Мектеп оқушыларына кимешек киюге рұқсат берілуі мүмкін – министр

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектеп оқушыларына кимешек киюге рұқсат берілуі мүмкін екенін айтты.
Мұндай жеңілдік орамал тағуға тыйым салынғандықтан, ата-анасы мектепке баруға рұқсат бермей отырған оқушыларға берілмек.
«Бірақ Қазақстан зайырлы мемлекет, мектеп те зайырлы мекеме. Сонау 2016 жылы қабылданған бұйрық бар, талаптар да бар. Дегенмен, әр түрлі топтардың инклюзивтілігін қамтамасыз ету маңызды екенін көріп отырмыз. Мысалы, біз орамал таға алмағандықтан мектепке бара алмай жүрген қыздардың мәселесін қарастыра алар едік. Осы себептердің әсерінен балалар мектепке бармаса немесе қашықтан оқуға көшуге мәжбүр болса, бұл кері әсер етеді, ал біз инклюзивті қоғам болуымыз керек» деді Асхат Аймағамбетов Nur.kz тілшісіне берген сұхбатында.

Еске салсақ, 2016 жылы Білім және ғылым министрлігінің «Орта білім беру ұйымдарының міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы» бұйрығы шыққан. Құжатқа сәйкес, мектеп формасына пиджак, шалбар, жейде, белдемше кіреді. Мектепте орамал тағуға рұқсат жоқ, ол үшін айыппұл салынады.
07 маусым 2022 ж. 1 138 0

Кітап – Ұлттық қазына

18 сәуір 2025 ж. 64

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930