Шағын электро көлік құралдары мен электросамокаттарды пайдаланудағы заңнамалық түзетулер енгізілді
Мемлекет басшысы 2023 жылғы 29 маусымда «Жол жүрісін ұйымдастыру мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойылды.
Заң ресми түрде 2023 жылғы 30 маусымдағы «Егемен Қазақстан» баспа басылымында жарияланды және ағымдағы жылдың 30 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді.
Заңмен «Жол жүрісі туралы» Заңға шағын электро көлік құралдары мен электросамокаттарды пайдалануды регламенттеу бөлігінде заңнамалық түзетулер енгізіледі.
Шағын электро көлік құралы – электро қозғалтқышы бар электроамокаттар мен мопедтерді қоспағанда электро қозғалтқышпен жарақталған, жеке жүріп-тұруға арналған, бір немесе бірнеше дөңгелегі бар көлік құралы (гироскутерлер, сигвейлер, монодөңгеліктер, электр скейтбордтар және т. б.);
электросамокат - екі немесе үш дөңгелегі бар, электроқозғалтқышты (электро қозғалтқыштарды) пайдалану арқылы бір адамның жүріп-тұруына арналған, орындығы жоқ, ең жоғары конструктивтік жылдамдығы 25 км/сағ аспайтын жеке мобильді көлік құралы.
Электросамокаттардың, шағын электро көлік құралдарының жүргізушілерінің құқықтары мен міндеттері айқындалады.
Электросамокаттардың жүргізушілеріне ескерту!
1) ең болмағанда бірн қолымен рульден ұстамай жүруге;
2) жолаушыларды тасымалдауға арналған арнаулы бейімдемелері бар велосипедтермен және мопедтермен тасымалдаудан басқа, жолаушыларды тасымалдауға;
3) тасымалдауға арналған арнайы бейімдемелері бар велосипедтермен және мопедтермен жүкті, сондай-ақ габаритінен ұзындығы немесе ені елу сантиметрден артық шығып тұрмайтын жүкті тасымалдаудан басқа, жүкті немесе жүргізуге кедергі келтіретін жүкті тасымалдауға;
4) трамвай жүретін жолдарда осы бағытта жүруге арналған біреуден астам жолағы бар жолдарда солға бұрылуға немесе кері бұрылуға;
5) мопедпен және велосипедпен пайдалануға арналған тіркемені сүйретуден басқа, мопедтерді, электр самокаттарды және велосипедтерді, сондай-ақ мопедтермен, электрлік самокаттармен және велосипедтермен сүйретуге;
6) көлік құралынан түспей, жаяу жүргіншілер өткелімен жолдың жүру бөлігін кесіп өтуге;
7) жол жүрісі қағидаларында айқындалған талаптарға сәйкес келетін, басқа көлік құралын жүргізушілерге көрінуді қамтамасыз ететін жарық шағылыстыратын затсыз жолдың жүру бөлігінде тәуліктің қараңғы уақытында жүріп тұруға;
Пікір қалдыру