Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекет басшысы 2023 жылғы 29 маусымда «Жол жүрісін ұйымдастыру мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға (бұдан әрі - Заң) қол қойды.

Мемлекет басшысы 2023 жылғы 29 маусымда «Жол жүрісін ұйымдастыру мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға (бұдан әрі - Заң) қол қойды.

Заң ресми түрде 2023 жылғы 30 маусымдағы «Егемен Қазақстан» баспа басылымында жарияланды және ағымдағы жылғы 30 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
Заңмен «Жол жүрісі туралы» Заңға шағын электр көлік құралдары мен электр самокаттарды пайдалануды регламенттеу бөлігінде заңнамалық түзетулер енгізіледі.
Осылайша, Заңға бұрын болмаған «электр самокат» және «шағын электр көлік құралы» ұғымы еңгізілді («Жол жүрісі туралы» Заңның 1-бабы 53-1) және 57) тармақшалары).
шағын электр көлігі құралы – электр қозғалтқышы бар электр самокаттар мен мопедтерді қоспағанда электр қозғалтқышпен жарақталған, жеке жүріп-тұруға арналған, бір немесе бірнеше дөңгелегі бар көлік құралы (гироскутерлер, сигвейлер, монодөңгеліктер, электр скейтбордтар және т. б.);
электр самокат - екі немесе үш дөңгелегі бар, электр қозғалтқышты (электр қозғалтқыштарды) пайдалану арқылы бір адамның жүріп-тұруына арналған, орындығы жоқ, ең жоғары конструктивтік жылдамдығы 25 км/сағ аспайтын жеке мобильді көлік құралы.
Электр самокаттардың, шағын электр көлік құралдарының жүргізушілерінің құқықтары мен міндеттері айқындалады (57-бап).
• Электр самокаттардың жүргізушілеріне:
1) ең болмағанда бір қолымен рульден ұстамай жүруге;
2) жолаушыларды тасымалдауға арналған арнаулы бейімдемелері бар велосипедтермен және мопедтермен тасымалдаудан басқа, жолаушыларды тасымалдауға;
3) тасымалдауға арналған арнайы бейімдемелері бар велосипедтермен және мопедтермен жүкті, сондай-ақ габаритінен ұзындығы немесе ені елу сантиметрден артық шығып тұрмайтын жүкті тасымалдаудан басқа, жүкті немесе жүргізугн кедергі келтіретін жүкті тасымалдауға;
4) трамвай жүретін жолдарда осы бағытта жүруге арналған біреуден астам жолағы бар жолдарда солға бұрылуға немесе кері бұрылуға;
5) мопедпен және велосипедпен пайдалануға арналған тіркемені сүйретуден басқа, мопедтерді, электр самокаттарды және велосипедтерді, сондай-ақ мопедтермен, электрлік самокаттармен және велосипедтермен сүйретуге;
6) көлік құралынан түспей, жаяу жүргіншілер өткелімен жолдың жүру бөлігін кесіп өтуге;
7) жол жүрісі қағидаларында айқындалған талаптарға сәйкес келетін, басқа көлік құралын жүргізушілерге көрінуді қамтамасыз ететін жарық шағылыстыратын затсыз жолдың жүру бөлігінде тәуліктің қараңғы уақытында жүріп тұруға;
жолдың жүру бөлігінде жүргізген кезінде түймеленген шлемсіз болуға тыйым салынады.
Сонымен қатар, электр самокаттардың жүргізушілеріне велосипед жолымен, велосипед жүретін жолақпен жүруге рұқсат етіледі. Велосипед жолы, велосипед жүретін жолақ болмаған кезде электр самокаттардың жүргізушілеріне:
жолдың жүріс бөлігінің оң жақ шетімен, оның ішінде маршруттық көлік құралдарына арналған жолақпен бір қатарда. Бұл ретте, он сегіз жасқа толмаған электр самокат жүргізушілерге өзімен бірге жүргізушінің жеке басын куәландыратын құжаты болған жағдайда, Қазақстан Республикасында берілгендерін қоспағанда, кез келген санаттағы көлік құралын жүргізу құқығына арналған жүргізуші куәлігінсіз не көлік құралын жүргізу құқығына арналған жүргізуші куәлігінің орнына берілген уақытша куәліксіз жолдың жүру бөлігінің оң жақ шетімен, оның ішінде маршруттық көлік құралдарына, арналған жолақпен жүруге рұқсат берілмейді;
жол жиегімен;
жаяу жүргіншілер жүрісіне қауіп төндірмей, сағатына алты километірден аспайтын жылдамдықпен тротуармен немесе жаяу жүргіншілер жолымен жүруге рұқсат етіледі.
• Шағын электр көлік құралдарының жүргізушілеріне:
1) рульсіз шағын электр көлігі құралдарын қоспағанда, ең болмағанда бір қолымен рульден ұстамай жүруге;
2) жолаушыларды тасымалдауға;
3) жүкті тасымалдау;
4) жолдың жүріс бөлігімен жүруге;
5) жақында велосипед жолы, велосипед жүретін жолақ болған кезде тротуармен немесе жаяу жүргіншілер жолымен жүруге;
6) шағын электр көлік құралдарын, шағын электр көлік құралдарынмен сүйретуге;
7) шағын электр көлік құралынан түспей, жаяу жүргіншілер өткелімен жолдың жүру бөлігін кесіп өтуге тыйым салынады.
8)Шағын электр көлік құралдары мен электр самокаттардың жүргізушілері жолаушылар мен жүктерді тасымалдау ережелерін бұзған жағдайда (мысалы, жолаушыларды тасымалдау кезінде) олар ӘҚБтК 593-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылуға жатады.
«Жол жүрісі туралы» заңда белгіленген өзге де талаптар орындалмаған жағдайда, олар ӘҚБтК-нің 620-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылуға жатады.
Қазалы ауданының Полиция бөлімі
10 тамыз 2023 ж. 221 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 43

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930