Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанға Нидерландыдан екі амур жолбарысы әкелінеді

Қазақстанға Нидерландыдан екі амур жолбарысы әкелінеді

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Қазақстандағы жолбарыстарды реинтродукциялау жоспарымен бөлісті. Айтуынша елімізге жақында Нидерланды елінен екі амур жолбарысы жеткізіледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: pixabay.com

Министр еліміздің 2015 жылы Дүниежүзілік жабайы табиғат қорымен тиісті реинтродукция құжатына қол қойылғанын еске салды.

"Қаржыландыру толығымен олардан болады. Біз биыл жолбарыстардың алғашқы санын қабылдауға дайынбыз. Тарихқа сүйенсек бізде әрқашан жолбарыстар болған. Соңғы жолбарыс 1948 жылы өлтірілген. Олар Іле өзенінің сағасында (Сырдарияда) өмір сүрген. Бұл олардың қоныстаныуы мен таралуы үшін өте жақсы орын болды. Бүгін осы жолбарыстарды қабылдауға жағдай жасадық. Амур тұқымдас тұран жолбарысы өте төмен температураға төзімді. Сондықтан Нидерландыдан екі амур жолбарысын әкелуді жоспарлап отырмыз", – деді Нысанбаев мәжіліс аясында.

Министрдің айтуынша бұл жолбарыстар хайуанаттар бағында болады.

"Олар босатылмайды. Бірақ алынған ұрпақ табиғаттағы жағдайларға бейімделеді. Сонымен қатар келесі жылы Ресейден 3-4 жолбарыс алуды жоспарлап отырмыз", – деп қосты министр.

Еске салсақ, Ресей Қазақстанға сирек кездесетін жолбарыстарды жіберуге дайын екенін мәлімдеген еді.

18 қыркүйек 2024 ж. 262 0

Азат елдің тұғыры

30 тамыз 2025 ж. 150

Ата Заң – тұғырлы тірек

30 тамыз 2025 ж. 154

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031