Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » ІІМ жол ережесін бұзғандарды анықтауға көмектескен куәгерге сыйақы береді

ІІМ жол ережесін бұзғандарды анықтауға көмектескен куәгерге сыйақы береді

Фото: egov.kz
Ішкі істер министрлігі «Құқық бұзу профилактикасы туралы» заң жобасын дайындады. Құжатта халық қоғамдық тәртіпті бақылауға өз еркімен атсалыса алатыны жазылған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Kolesa.kz сайтының жазуынша, белсенді азамат ынталандыру ретінде мақтау грамотасын, ақшалай сыйлық және т. б. алғыс алады.

Кім, қандай сыйлық алатынын қылмыстың алдын алу жөніндегі комиссия шешеді.

Жол ережесін бұзған жүргізуші туралы видеожазбаны жіберген азамат «ереже бұзған адамнан өндірілген айыппұл сомасынан ақшалай сыйақы алады немесе жергілікті атқарушы орган шешімі бойынша жеңілдікке (қоғамдық көлікте тегін жүру, машинасын автотұраққа тегін қою және т. б.) ие болады». Ерікті азамат алған сыйақысын қайырымдылық ұйымдарына аудара алады.

Заң жобасында видео авторына айыппұлдың қанша пайызы берілетіні нақты жазылмаған. Ереже бұзған адам жүргізуші куәлігінен айырылса немесе қамалса, полицияға бейнежазба жіберген куәгер қандай сый алатыны белгісіз. Машинасын тұраққа тегін қоя ма? Еріктінің машинасы болмаса ше? Автобуспен тегін жүре ме?

Заң жобасында «ереже бұзылған сәтті бірнеше адам бейнежазбаға түсірсе, видеоны бірінші болып жіберген кісі сыйақы алады» деп жазылған. Яғни, жылдамдық маңызды.
18 қыркүйек 2024 ж. 128 0

Қырмандағы қызу еңбек

20 қыркүйек 2025 ж. 160

Никабты шешуге не негіз?

20 қыркүйек 2025 ж. 148

Қайран, қарт, қорғаның кім?

20 қыркүйек 2025 ж. 139

Мейірім аңсаған ақсақал

20 қыркүйек 2025 ж. 139

Қиясы биік қаламгер

19 қыркүйек 2025 ж. 204

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930