Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жолаушылар пойызында қоғамдық тәртіпті бұзған азамат жауапқа тартылды

Жолаушылар пойызында қоғамдық тәртіпті бұзған азамат жауапқа тартылды

 Жолаушылар пойызында қоғамдық тәртіпті бұзған азамат жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
 Өткен жылдың қараша айында Қандыағаш станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Астана-Атырау бағытындағы жолаушылар пойызынан Атырау облысының 29 жастағы тұрғынын түсіріп алған болатын. Ол жол жүру барысында мас күйде болып, жолаушылардың тыныштығы мен қоғамдық тәртіпті бұзған. Мән-жайды анықтау үшін полиция бөлмесіне жеткізу кезінде құқық бұзушы өзін өте дөрекі ұстап, себепсіз билік өкілдеріне балағат сөздер айтқан.
 Сонымен қатар, заңды талаптарға бағынбай, полиция қызметкерлеріне дене жарақатын салған. Ұсталған адам бұған дейін есірткі затын сатқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды. Аталған азаматқа қатысты билік өкілін қорлау және билік өкіліне қатысты қорқыту немесе күш көрсету бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді.
Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық сотының үкімімен ер адам аталған қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
02 мамыр 2024 ж. 249 0

Жұртқа жарық сыйлаған

20 желтоқсан 2025 ж. 139

Мал ұрлығы – маңызды мәселе

20 желтоқсан 2025 ж. 132

Үздік ұстаз атанды

20 желтоқсан 2025 ж. 120

Жұмысшы жастар – ел ертеңі

20 желтоқсан 2025 ж. 118

Шырша шамы, жарқыра!

20 желтоқсан 2025 ж. 124

Тәрбие мен таным

20 желтоқсан 2025 ж. 114

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031