Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлағандарға қанша сыйақы беріледі

Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлағандарға қанша сыйақы беріледі

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағали сыбайлас жемқорлық фактілерін хабарлаған немесе өзге де жолдарымен көмек көрсеткендерге сыйақы беруді көздейтін бұйрыққа қол қойды.
Құжатта жазылғандай, жемқорлық қылмыстарын анықтауға көмектескен ақпарат үшін біржолғы ақшалай сыйақы мына мөлшерлерде белгіленді.
— сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы әкімшілік істер
бойынша — 30 АЕК (103 500 теңге);
— онша ауыр емес сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық
істер бойынша — 40 АЕК (138 000 теңге);
— ауырлығы орташа сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша — 50 АЕК (172 500 теңге);
— ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша — 70 АЕК (241 500 теңге).
— аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер
бойынша — 100 АЕК (345 000 теңге).
«Пара немесе келтірілген залал сомасы немесе ұсынылған жеңілдіктер немесе көрсетілген қызметтер құны 1 000 АЕК-тен асатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша біржолғы ақшалай сыйақы пара немесе келтірілген залал немесе ұсынылған жеңілдіктер немесе көрсетілген қызметтер сомасының 10 пайызы, бірақ 4 000 АЕК-тен көп емес», — делінген құжатта.
Бұйрық алғаш жарияланғаннан 10 күн өтіп барып, 15 қыркүйекте күшіне енеді.
06 қыркүйек 2023 ж. 368 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 147

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 137

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 150

Жаңа нысан – жақсы нышан

13 желтоқсан 2025 ж. 142

Ауылға ауызсу жетті

13 желтоқсан 2025 ж. 133

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031