Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Футзалдан әлем чемпионаты қазақстандық қай телеарнадан көрсетіледі

Футзалдан әлем чемпионаты қазақстандық қай телеарнадан көрсетіледі

Фото: facebook.com/kazfutsal
Футзалдан Қазақстан құрамасы қатысатын әлем чемпионатының ойындары қай телеарнадан көрсетілетіні белгілі болды. Жаһандық дода 14 қыркүйек пен 6 қазан аралығында Өзбекстанда өтеді. Ел құрамасы D тобында Испания, Ливия және Жаңа Зеландиямен шеберлік байқасады. Ойындар «Qazsport» телеарнасы арқылы тікелей эфирде көрсетіледі.

Аталған сында ел намысын қорғайтын Қазақстан құрамасының тізімі белгілі болды. Атап айтқанда, Нарун Серіков, Леонардо Игита, Арнольд Кнауб, Ринат Төреғазин, Ақжол Дәрібай, Әбдірасул Әбдіманапұлы, Азат Валиуллин, Лео, Альберт Ақбалықов, Шыңғыс Есенаманов, Біржан Оразов, Дәурен Тұрсағұлов, Жахангир Рашит және Дуглас Жуниор өнер көрсетеді.

Құрамалардың топтарға бөлінісі төмендегідей:
А тобы: Өзбекстан, Нидерланд, Парагвай, Коста-Рика
В тобы: Бразилия, Куба, Хорватия, Таиланд
С тобы: Аргентина, Украина, Ауғанстан, Ангола.
D тобы: Испания, Қазақстан, Жаңа Зеландия, Ливия.
Е тобы: Португалия, Тәжікстан, Марокко, Панама.
F тобы: Иран, Венесуэла, Франция, Гватемала.

Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының финалдық сатысында 2000, 2016, 2021 жылдарда сынға түсіп, 2021 жылы 4-орынға табан тіреді.
Еске салсақ, футзалдан Қазақстан құрамасы Өзбекстанға келіп жетті.
13 қыркүйек 2024 ж. 266 0

Толымды тарту

04 қараша 2025 ж. 123

Мәңгілік мұраның мекені

04 қараша 2025 ж. 102

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930