Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Қазпоштаның» 900-ге жуық бөлімшесі жабылуы мүмкін

«Қазпоштаның» 900-ге жуық бөлімшесі жабылуы мүмкін

Фото: Halyq Uni
«Қазпошта» акционерлік қоғамының 900-ға жуық бөлімшесі жабылуы мүмкін. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров айтты, деп хабарлайды Halyq Uni.

Депутаттық сауал Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға жолданды.

Көптеген шекаралас ауылдық елдімекенде әлі күнге дейін ұялы байланыс, интернет және пошта желілерінің жоғы құпия емес. Осы аймақтарға зейнетақыны, бұқаралық ақпарат құралдарын күнделікті жеткізіп отыратын кәсіпорын – «Қазпошта». Ол алыс ауыл-аймақтағы азаматтарға банк рөлін атқарып, зейнетақы жеткізіп, ақпарат құралдарын тарататын «өмір жолы», – деді Ерлан Саиров.

Алайда депутаттың сөзінше, ұлттық оператордың қазіргі қаржылық жағдайы мәз емес. 2017 жылы белгіленген тарифтер «Қазпоштаның» шығындарын өтемейді. Мәселен, қызметтің өзіндік құны – 247,67 теңге, ал мерзімді басылымдарды ауылдарға жеткізудің бекітілген тарифі – 17,6 теңге. 2022 жылдың қорытындысы бойынша шығындар 12,1 млрд теңге, ал 2023 жылдың қорытындысы бойынша шамамен 12,3 млрд теңге болды. Субсидия қажетті 8 млрд теңгенің 2,05 млрд теңгесін ғана жабады.

Салдарынан жылдан-жылға ауылдық елдімекендерде мемлекеттік көмектің азаюына байланысты «Қазпошта» бөлімшелері жабылып жатыр. 2022 жылы 33 филиал, 2023 жылы 13 филиал жабылған. Енді 900-ге жуық бөлімше жабылуы мүмкін. Шекаралас елдімекендердегі «Қазпошта» бөлімшелерінің жабылуы осы өңірлерде мемлекеттік саясаттың әлсіреуіне әкелері һақ.

Ауылдық елдімекендерде газеттер мен журналдардың қолжетімді болмауы, зейнетақы және әлеуметтік төлемдер бойынша қызметтер, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету сияқты күрделі проблемалар болары анық, – деді Ерлан Саиров.

Оның пікірінше, бүгінгі турбулентті заманда ұлттық қауіпсіздікті саудаға салып, бюджет қаражатын үнемдеуге болмайды. Өйткені, шекаралық аудандардағы «Қазпоштаның» қызметін ұлттық қауіпсіздіктің құрамдас бөлігі ретінде қараған жөн. Сондықтан, олигархтардың банктерін еркелетіп, қарапайым халыққа қызмет ететін «Қазпоштаны» алалауды қою керек.

Ерлан Саиров мерзімді баспасөз басылымдарын, сондай-ақ, «Қазпошта» АҚ рентабельді емес тарифтерін субсидиялауға назар аударып, мына мәселелерді шұғыл шешу керегін айтты:

• «Қазпоштаға» қолданыстағы тарифтерді ұлғайту арқылы мерзімді баспа басылымдарын жеткізуді субсидиялауды ұлғайтуды көздеу;
• Ауылдық жерді дамыту бағдарламаларын іске асыру аясында «Қазпоштаға» әкімдіктердің қаражатын орналастыру мүмкіндігін қарастыру.
• Аудандық және ауылдық әкімдіктердің мемлекеттік ғимараттарын салу кезінде қолдау шарасы ретінде пошта бөлімшелерін өтеусіз негізде орналастыруды көздеу.
11 қыркүйек 2024 ж. 128 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031