Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Егіс алқаптарына малдардың түсуін тоқтату мәселесі талқыланды

Егіс алқаптарына малдардың түсуін тоқтату мәселесі талқыланды

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Мұхтар Оразбаевтың төрағалығымен егіс алқаптарына малдардың түсуін тоқтату мәселесі туралы мәжіліс өтті.
Жиынды ашып, жүргізіп отырған аудан басшысы қараусыз малдар егіндерге ауыз салып, дихандарға қыруар шығындар келтіріп жатқанын айтып өтті. Сонымен қатар, дихандардың еткен еңбектері мен төккен тері зая кетпеуі үшін барлық шараларды қабылдау қажет екеніне тоқталды.
Мұнан соң егістік басындағы қазіргі жағдайды аудан әкімінің орынбасары Күнтілес Назымбеков баяндады.
Маңызды жиында Мұхтар Әуесұлы ауылдық округ әкімдеріне пада ұйымдастыру жөнінде тапсырма бергенін тілге тиек етіп, жұмыстардың қалай болып жатқанын және аудандық полиция бөлімінің бастығы Асылбай Аңсатовтан шаруа қожалықтарының жеріне малы түсіп кеткен тұрғындарға осы кезге дейін заңды түрде қандай шара қолданылғанын сұрады.
- Егін жинау өте жауапты науқан. Ал науқанға астық пісерден бұрын жан-жақты дайындалу керек. Дайындық астық оратын, жинайтын, таситын т.б орақ негізде қолданылатын механизмдерді дайындаумен шектеліп қалмауы керек.
Орақ салу кезеңіне дейінгі егістік алқаптарының толық сақталуын және де әрбір гектарынан тиісті көлемде өнімнің жиналуына бірге атсалысуымыз қажет, - деген аудан басшысы Асылбай Шудабайұлы, Болат Жалғауұлына тиісті ауылдық округ әкімдерімен бірлесіп, егістік алқаптарына түскен малдың иесін анықтап, айыппұл салуға жұмыс жасауды тапсырды.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
08 қыркүйек 2023 ж. 209 0

Сақ патшайымы – Зарина

11 қазан 2024 ж. 82

Баба рухы ардақталды

10 қазан 2024 ж. 143

Талғардағы трагедия

10 қазан 2024 ж. 147

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031