Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 4 қазақстандық Сібір жарасын жұқтырған болуы мүмкін: ауылда шектеулер енгізілді

4 қазақстандық Сібір жарасын жұқтырған болуы мүмкін: ауылда шектеулер енгізілді

Фото:depositphotos.com
Алматы облысы Ұйғыр ауданы Шонжы ауылында ірі қара малынан Сібір жарасы анықталды. Алматы облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өкілдері бұл жағдайға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Алматы облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өкілдері бұл жағдайды растап, 4 адам Сібір жарасын жұқтыруы мүмкін екенін айтты.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Алматы облысы бойынша аумақтық инспекциясының мәліметінше, мал ветеринарлық қызметке хабарламастан сойылған.

"Аурудың пайда болу себептерін анықтау үшін ветеринарлық инспекция СЭБД, ПД және облыс әкімдігімен бірлесіп науқастардың үйіндегі шикізат пен сою өнімдерінен, сондай-ақ, мал сою орнында топырақ сынамалары алынды", - делінген хабарламада.

Республикалық ветеринарлық зертхана биологиялық талдау микроскопиясы мен ПТР көмегімен жиналған материалдарға зерттеулер жүргізді. Бактериологиялық зерттеулердің нәтижесі әлі дайын болған жоқ.

"Биыл 12 тамызда бұл елді мекендегі мал Сібір жарасына қарсы екпе алған. Қазір елді мекенде жеке шаруашылықтардағы ірі қара малды оқшаулау және карантинге жабу жұмыстары жүргізілді. Мамандар малды күнделікті тексеруден өткізеді, аурудың клиникалық белгілері анықталмаған. Барлық қажет ветеринарлық-санитарлық шара қазіргі алгоритмге сәйкес жүргізіліп жатыр", - делінген жауапта.

03 қыркүйек 2024 ж. 229 0

Алматыда жер сілкінісі болды

22 желтоқсан 2025 ж. 143

Бүгінге валюта бағамы қандай

22 желтоқсан 2025 ж. 157

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031