Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қытайда «сібір жарасы» тарап жатыр

Қытайда «сібір жарасы» тарап жатыр

Қытайдың солтүстігіндегі Шаньси провинциясында сібір жарасы ауруының бірнеше жағдайы анықталды. Бірақ адам өлімі туралы ақпарат жоқ. Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.
Global Times газеті 12 тамызда Лулианг қаласы округінің Вэньшуй округіндегі жергілікті ауруларды бақылау және алдын алу орталығына Баоксиан ауылының бірнеше тұрғындарының аяқ-қолдарында ісік пайда болғанын хабарлады. Бұл ісік кейіннен жараға айналып, қара түске өзгерген.
Сонымен қатар, алдын ала эпидемиологиялық тексеру арқылы төрт азамат Тайюаньға емделуге жіберілді, олардың екеуі ауруханадан шығарылды.
Сібір жарасы – адам және жануарлардың жоғары өлімімен өтетін аса қауіпті жұқпалы ауру. Сібір жарасының қоздырғышы қоршаған ортаға төзімді. Ауру тұтас ағзаны зақымдайды. Инфекция көзі науқас жануарлар: ірі қара мал, жылқылар, есектер, қойлар, ешкілер, бұғылар, түйелер. Ауырған жануардың зәрі мен нәжісінде  ауру қоздырғышы анықталады. Аурудың негізгі жұғу жолы – су және жем.
Алайда, қазіргі уақытта ауылда тағы бес науқас бар, олардың барлығы оқшауланған және емделуде. Басылым ауру жұқтырған тоғыз адамда мал өсірумен және ет сатумен айналысатынын хабарлады. Жергілікті билік дереу ауылға мамандарды жіберді.
18 тамыз 2021 ж. 405 0

Кітап – Ұлттық қазына

18 сәуір 2025 ж. 102

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930