Тамызда 34,5 мың алматылық індет жұқтыруы мүмкін

«25 шілдеден бері эпидемиологиялық жағдай күрделене түсті, орта есеппен күніне 1200-ден аса жағдай тіркелуде. Ал 2 тамыздағы жағдай бойынша 1540 індет жұқтыру фактісі анықталды. Жалпы алғанда шілде айында 27,5 мың адам індет жұқтыруы мүмкін деген болжам жасаған едік. Көрсеткіштер шамамен 2 мың жағдайға төмен болды. Ал тамызда 34,5 мың адам коронавирустық инфекция жұқтыруы мүмкін. Болжамымыз бойынша қыркүйекке қарай эпидемиологиялық ахуал реттеліп, індет жұқтыру деңгейі 4,5 мың жағдайға төмендейді», – деді спикер. Сонымен қатар Алматыда індет белгідері бар науқастар саны 90%-дан 92%-ға артқан. Бұл ретте Әсел Қалықова шаһар тұрғындарының 36%-ында ұжымдық иммунитет қалыптасқанын атап өтті. «Ұжымдық иммунитетті вакцинация көрсеткіштеріне байланысты есептейміз. Қазір оның деңгейі 36%-дан асты», – деді Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары.