Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Олимпиада, Паралимпиада және ұлттық спорт түрлері қайта қарастырылады

Олимпиада, Паралимпиада және ұлттық спорт түрлері қайта қарастырылады

Фото: Виктор Федюнин/Kazinform
Елімізде Олимпиада, Паралимпиада, Азия және ұлттық спорт түрлері жоғары жетістіктер спорт қатарына кіреді. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова мәлім етті.

«Дене шынықтыру және спорт саласында Мемлекет басшысы қойған мақсаттарды орындау үшін келесі шаралар қабылданады. Алдымен саланы дамытудың үш сатылы жүйесі құрылады. Оның біріншісі бұқаралық спорт, кейінгі сатылары жоғары жетістіктер спортына қатысты. Жоғары жетістіктер спорт түрлері қайта қарастырылады. Ол тізімге Олимпиада, Азия, Паралимпиада ойындары, сондай-ақ, ұлттық спорт түрлері кіреді», - деді Тамара Дүйсенова Үкімет отырысында.

Вице-премьердің айтуынша, спортқа бөлінетін қаржыны нәтижелі әрі тиімді пайдалану үшін қаржыландырудың жан басына шаққандағы нормативі енгізіледі.

«Спорт түрлері бойынша жаттықтырушылар мен спорттық медицина, фармакология, диетология, психология саласының мамандарын дайындау жүйесі қайта қарастырылады. Әкімдіктермен бірлесе отырып аймақтардағы спорттық инфрақұрылым кеңейтіледі. Бұл өзгерістер Мәжілісте қарастырылып жатқан заң жобасы аясында енгізіледі», - дейді Т. Дүйсенова.

Айта кетсек, кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында спорт саласындағы заңнаманы жаңартуды тапсырған еді.
03 қыркүйек 2024 ж. 198 0

Ана сүтінің маңызы

21 сәуір 2025 ж. 33

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930