Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңадан жасақталған Туризм және спорт министрлігінің құрылымы қандай болады

Жаңадан жасақталған Туризм және спорт министрлігінің құрылымы қандай болады

Жаңадан құрылатын Туризм және спорт министрлігінің қызмет бағыты мен ережелерін бекітуді көздейтін Үкімет қаулысы ашық талқыға шығарылды, деп хабарлайды inform.kz
«Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі дене шынықтыру және спорт, ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі, туристік қызмет салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы саналады», - делінген Үкімет қаулысында.
Құжатта көрсетілгендей, министрліктің құрамына мына ведомстволар енеді:
1. Спорт және дене шынықтыру істері комитеті;
2. Туризм индустриясы комитеті.
Сонымен қатар Туризм және спорт министрлігінің қызмет бағыттары айқындалған:
- дене шынықтыру және спорт;
- ойын бизнесі;
- лотереялар және лотерея қызметі;
- туристік қызмет, туризм және туристік индустрия.
Министрліктің және оған бағынысты ведомстволардың қарамағына мына ұйымдар кіреді:
- Республикалық спорт колледжі;
- Ұлттық спорттық медицина және оңалту орталығы;
- Спортты дамыту дирекциясы;
- Спортшылардың допингке қарсы зертханасы;
- Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы;
- Дене шынықтыру және спорт бойынша республикалық оқу-әдістемелік және талдау орталығы;
- Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы;
- «Алматы» Олимпиадалық даярлау орталығы;
- «Астана» олимпиадалық даярлау орталығы;
- «Алатау» қысқы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі;
- Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы;
- Допингке қарсы ұлттық орталық;
- «Олимп» спорттық-сауықтыру орталығы;
- «Қазспортинвест» АҚ;
- Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы.
Үкімет қаулысының жобасы 18 қыркүйекке дейін көпшілік талқылауда болады. Кейін қол қою үшін Премьер-Министрге жолданады.
Еске салайық, 1 қыркүйекте Мемлекет басшысының Жарлығымен 5 жаңа министрлік құрылды.
04 қыркүйек 2023 ж. 423 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 154

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 145

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 155

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031