Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Президент Жолдауы: Үкімет басшысы Білім министрлігіне бірқатар тапсырма берді

Президент Жолдауы: Үкімет басшысы Білім министрлігіне бірқатар тапсырма берді

Үкімет басшысы Президент Жолдауын жүзеге асыру аясында Білім министрлігіне білім саласы бойынша бірқатар тапсырма берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Фото: primeminister.kz
1 желтоқсанға дейін жұмысшы мамандықтары жылы шеңберінде Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді реформалау жөніндегі кешенді жоспарды әзірлеп, бекітуі қажет;

Жыл соңына дейін халықтың табысын ескере отырып, мектепке дейінгі білім беруге арналған жан басына шаққандағы қаржыландыруды енгізу үшін нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар жобасын әзірлесін;

Қаржы, Ұлттық экономика министрліктерімен, әкімдіктермен бірлесіп, қаржыландыру көздерін айқындап, 1 желтоқсанға дейін Орта білім беру нысандарына күрделі жөндеу жүргізу жөніндегі 2025-2027 жылдарға арналған жоспар бекітілсін;

Мәдениет және ақпарат министрлігі жыл соңына дейін инженерлер, геологтар, көлік, аграрлық және су салаларының жұмыскерлері, сондай-ақ ғалымдар мен басқа да мамандықтардың өкілдері үшін құрметті атақтарды қосу бөлігінде "Мемлекеттік наградалар туралы" Заңға өзгерістер әзірлеп, енгізуі керек;

Ғылым министрлігі салалық мемлекеттік органдармен бірлесіп, ғылыми тағылымдамаларға арналған гранттарды бөлу кезінде еліміздің ғылыми-технологиялық даму міндеттерін ескере отырып, инженерлік-технологиялық бағыттардың басымдығын белгілеуі қажет.
03 қыркүйек 2024 ж. 117 0

Ана сүтінің маңызы

21 сәуір 2025 ж. 77

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930