Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 15,5 млрд теңге: Қазақстанда АЭС салу бойынша референдумға қанша қаражат жұмсалатыны белгілі болды

15,5 млрд теңге: Қазақстанда АЭС салу бойынша референдумға қанша қаражат жұмсалатыны белгілі болды

Сурет: neftegaz.ru
"Конституциялық заңның 28-бабына сәйкес ОСК шығындардың шамамен сметасын әзірлейді және үкіметке қарауға ұсынады
Қазақстанда АЭС салу бойынша референдумды ұйымдастыруға және өткізуге 15,5 млрд теңге жұмсалатынын орталық сайлау комиссиясы өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды
KYN.KZ ақпарат агенттігі.

ОСК мүшесі Сәбила Мұстафинаның сөзінше, шығындар сметасы есептелініп үкіметке жіберілген.

"Конституциялық заңның 28-бабына сәйкес ОСК шығындардың шамамен сметасын әзірлейді және үкіметке қарауға ұсынады. Жарлық шыққаннан кейін бүгін таңертең ол орындалды. Мемлекет басшысы референдум өткізудің болжамды мерзімдерін бірнеше рет атап өткендіктен, біз алдын ала дайындалып, шығындардың жалпы сомасын есептедік, бұл біздің болжамды сметамызға сәйкес 15,5 миллиард теңгені құрайды", - деді Орталық комиссияның мүшесі Сәбила Мұстафина.

Оның айтуынша, бұл сомаға 70 мыңнан астам азаматтың жалақысы және ұйымдастырушылық да шығыстар кіреді.

"Бұл сметада жалпы соманың 71 пайызы барлық органның комиссия мүшелерінің еңбекақысын құрайды, бұл 70 мыңнан астам азаматтың жалақысы. Қалған 29 пайызы басқа да ұйымдастырушылық шығыстарға – ақпараттық сүйемелдеуге, бюллетеньдер дайындауға, типографиялық өнімдерге, кеңсе тауарларына және учаскелік сайлау комиссияларының жұмысын ұйымдастыру үшін қажет нәрсенің бәріне бағытталған", - деді спикер.

03 қыркүйек 2024 ж. 221 0

Оңалтудың үйлесімді орталығы

23 желтоқсан 2025 ж. 102

Түнгі қонақ

23 желтоқсан 2025 ж. 117

Маңызды мәселелер қаралды

23 желтоқсан 2025 ж. 100

Жол түзелмей, ел түзелмейді

23 желтоқсан 2025 ж. 98

Тұрғындарға тиімді баға

23 желтоқсан 2025 ж. 107

Жаңа жылға – жаңа нысан

23 желтоқсан 2025 ж. 113

Ақсуатта бекет ашылды

23 желтоқсан 2025 ж. 52

Энергетикалық әлеует артуда

23 желтоқсан 2025 ж. 51

Өңір дамуының маңызды қадамы

23 желтоқсан 2025 ж. 82

2026 жылы зейнетақы 10%-ға өседі

22 желтоқсан 2025 ж. 154

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031