Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Республикалық референдумның алдын ала нәтижесі жарияланды

Республикалық референдумның алдын ала нәтижесі жарияланды

Республикалық референдумның алдын ала нәтижелері жарияланды. Бұл туралы Орталық референдум комиссияның төрағасы Нұрлан Әбдіров мәлімеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Таңғы сағат 8:00-дегі жаңдай бойынша 10 мың референдум учаскесінде сайлау аяқталды.
Нұрлан Әбдіровтың айтуынша, референдум халықтық сипатқа ие болды. Конституциялық заңның 31-бабына сәйкес егер дауыс беруге құқығы бар азаматтардың жартысынан астамы қатысса, референдум өткізілді деп есептелінеді. Бүгін таңертең аумақтық аумақтық комиссиялар дауыс беру нәтижелерін хаттармалардың электрондық көшірмелерін ұсынды.

«Республикалық референдумның алдын ала нәтижелері бойынша референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың жалпы саны 11 млн 734 мың 642 адамды құрады. Дауыс беруге қатысқан азаматтар саны – 7 млн 986 мың 293 адам. Бұл референдумға қатысу құқығы бар азаматтар санының 68,6%-ын құрайды. Осылайша, референдум өтті деп есептелінеді. Референдумды жақтап дауыс берген азаматтар саны – 77,18%. Бұл – 6 млн 163 мың 863 адам. Бұл өңірлерде дауыс бергендердің басым көпшілігі. Оңірлер мен ірі қалаларда тұрғындардың үштен екісі қолдау білдірді», - деді Нұрлан Әбдіров.

Оның айтуынша, Конституция түзетулеріне қарсы дауыс бергендер үлесі – 18,66 пайыз. Бұл – жалпы дауыс берген 1 млн 490 мың 475 адам. Екі нұсқаны да таңдаған бюллетень саны – 125 мың. Мұндай нұсқалар заң бойынша есепке алынбайды.
06 маусым 2022 ж. 134 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031