Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұстаздар – ұлттың зияткерлік қуаты

Ұстаздар – ұлттың зияткерлік қуаты


Кеше Республика Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев барша қазақстандықтарға өз Жолдауын жария­лады. Біршама мәселелер қозғалды, жас мемлекетіміздің алға қойған мақсат-мұратын, жоспарын да айқындады.
Соның ішінде әлі күнге дейін өзекті болып келе жатқан мұғалім мәртебесіне ден қойды. Енді елдегі мұғалімдердің біліктілігін арттыруға және әлеуметтік мәртебесін көтеруге айрықша көңіл бөлінеді.
«Мектептердің жұмысын жақсарту шараларын қолға алған жөн. Мұғалімдердің біліктілігін арттыруға және әлеуметтік мәртебесін көтеруге көңіл бөлген абзал. Ұстаздар – ұлттың зияткерлік қуаты. Олар білімді ұрпақ тәрбиелеу арқылы еліміздің өркендеуіне жол ашады. Үздік оқу бағдарламасы, заманауи мектептер, озық басқару жүйесі болса да, ұстаз білікті болмаса, оның бәрі бекер екені анық.
Сондықтан педагогикалық жоғары оқу орындарына талапты, қабілетті жастарды қабылдауға баса мән беру керек. Жалпы бұл бағыттағы жұмыстың беталысы жақсы, оны жалғастыру қажет», – деді Президент Қазақстан халқына Жолдауы барысында.
Одан бөлек баланы мектепке дайындау мәселесіне айрықша назар аударған жөн. Себебі мектепке дейінгі тәрбие беру және оқыту ісіне мемлекетпен қатар ата-аналар да жауапты. Сондықтан мектепке дейінгі білім беру саласында әр балаға бөлінетін қаражат отбасының нақты табысына байланысты болуы керек.
«Осылайша, біз білім беру жүйесін одан әрі жетілдіру арқылы шын мәнінде мұқтаж азаматтарға көмек көрсетеміз және мемлекеттік қолдаудың ашық бо-луын қамтамасыз етеміз. Түптеп келгенде, азаматтарымыздың әлеуетін арттырамыз» – деп нақтылады Мемлекет басшысы.
«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп, Абай хакім айтпақшы, ұстаз болу да, ұстаздық ұстам да келешек ұрпақтың білімді болуына, болшағына апарар үлкен көпір.
Елімізде масштабты түрде жүріп жатқан реформалардың барлығының түпкі мақсаты осындай кем-кетіктердің орнын толтыру екені даусыз. Сондықтан елімізде «өзінің уақытын аямайтын, өзгенің бақытын аялайтын» ұстаздардың мәртебесі күннен күнге өсе береді деп сенуге болады.
Нағима ӨТЕУЛІ,
ардагер-ұстаз
03 қыркүйек 2024 ж. 302 0

Оңалтудың үйлесімді орталығы

23 желтоқсан 2025 ж. 102

Түнгі қонақ

23 желтоқсан 2025 ж. 118

Маңызды мәселелер қаралды

23 желтоқсан 2025 ж. 100

Жол түзелмей, ел түзелмейді

23 желтоқсан 2025 ж. 99

Тұрғындарға тиімді баға

23 желтоқсан 2025 ж. 108

Жаңа жылға – жаңа нысан

23 желтоқсан 2025 ж. 114

Ақсуатта бекет ашылды

23 желтоқсан 2025 ж. 52

Энергетикалық әлеует артуда

23 желтоқсан 2025 ж. 52

Өңір дамуының маңызды қадамы

23 желтоқсан 2025 ж. 83

2026 жылы зейнетақы 10%-ға өседі

22 желтоқсан 2025 ж. 154

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031