Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Кемел келешектің іргетасын қалау өз қолымызда

Кемел келешектің іргетасын қалау өз қолымызда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Қазақстан халқына алдағы уақытқа мемлекеттің қозғалыс бағытын айқындап беретін жыл сайынғы жолдауын жеткізді. Мұнда сан саланың жұмысын жетілдіріп, жұртшылықтың жағдайын жақсы деңгейге көтеруге тікелей әсер ететін бастамалар қозғалған.
Соңғы жылдары қоғамда ұстаздар қауымын ұлықтап, дәрежесін тиісті деңгейге дейін апару күн тәртібінен түспегені белгілі. Соның нәтижесінде мұғалімдердің жалақысы 25 процентке өсіп, арнайы «ұстаз мәртебесі» туралы заң қабылданды. Мемлекет басшысы биылғы жолдауында осы бағытта 1,2 триллион теңге қаржы бөлінетіндігін тілге тиек етті. Атқарылған жұмыстардың нәтижесі қазірдің өзінде көрініп отыр. Соңғы уақытта педагогика мамандығына түсушілердің орташа баллы күрт өскен. Нәтижесі көп күттірмей көрініп жатқан осындай айтулы жұмыстар жолдауға сай алдағы уақытта да өз жалғасын табатынына сенім мол. . Сонымен қатар қашықтан оқыту форматтары үшін ақпараттық жүйе сапасын арттыру қажеттігі де тілге тиек етілді.
«Тағы бір проблема шықты, қайғы десек те болады. Балалар оқуды тастап кетеді. Өйткені, одан қажеттілік көрмейді. Үкіметке бұл мәселені шешумен байыпты түрде айналысу тапсырылады. Атап айтқанда, қашықтан оқыту форматтары үшін ақпараттық жүйе сапасын арттыру қажет. Біздің біліміміз қолжетімді әрі инклюзивті болуы тиіс», - деді ҚР Президенті бұл жайында.
Білімді ұрпақ – ел болашағы. Оқу деңгейінің орташа көрсеткішінен түспей, ел ертеңін сеніп тапсыратын мектеп қабырғасындағы бүлдіршіндердің сапалы білім алып, ал мұғалім қауымының өз ісіне асқан жауапкершілікпен қарауы арқылы біз кемел келешектің іргетасын қалайтынымызды ұмытпауымыз тиіс. Жолдауда барлық істің жай-жапсары қамтылып, келелі іске көшуге нақты тапсырмалар көрсетілген.
Өтепбергенова Гүлшат Дәстенқызы, мұғалім
02 қыркүйек 2021 ж. 385 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031