Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Маңызды мәжіліс өтті

Маңызды мәжіліс өтті

Жақында аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбеттің төрағалығымен ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен қаржының игерілуіне қатысты мәжіліс өтті.

Жиында аудан басшысы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы өңірі­міздің негізгі көрсеткіші болатынын айтып, қазынадан бөлінген әр теңгені тиімді пайдалану мен бюджеттен бөлінген қаржыны заңдылықтарға сәйкес дер кезінде және тиісті мақсатта игеру басты міндет екенін айтты.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Бахытжан Жарылқап баяндама жасап, жеті айдың қорытындысымен қол жеткізген көрсеткіштерге тоқталды.
Аудан басшысы жеті айдың қоры­тындысымен жақсы көрсеткіш бар екенін тілге тиек етіп, алайда осы қарқынмен жылды да қорытындылау керек дегенді айтты. Осыған сәйкес аудандық статистика басқармасымен, жауапты орындаушылармен бірлесіп, әрбір көрсеткіш бойынша оң нәтижелерге жету үшін уақытылы талдау жасау жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Сонымен қатар басқа да жауапты басшыларға жауапкершілік танытып, өздеріне тиесілі жұмыстарды жүйелі түрде жүргізуді ескертті.
«ҚАЗАЛЫ» ақпарат

30 тамыз 2024 ж. 262 0

Егемен елге еге – мен!

25 қазан 2025 ж. 122

Елімен бірге есейген

25 қазан 2025 ж. 111

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031