Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Түркістан облысында 500-ге жуық жалған дипломмен бала оқытқан мұғалім ұсталды

Түркістан облысында 500-ге жуық жалған дипломмен бала оқытқан мұғалім ұсталды

Фото: smi24.kz
Қазір олардың дипломды қалай, қайдан алғаны бойынша тергеу жүріп жатыр. Білім саласында орын алған жемқорлық бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Тексеруде анықталғандай, кейбір мұғалімдердің жоғары білімі туралы дипломы жалған болып шығып жатыр. Оны антикор анықтап жатыр. Қазір 500-ге жуық жалған диплом шығып отыр. Сонымен қатар директор мен жұмысшы арасындағы 16 дау Президент әкімшілігіне дейін қаралған. Қолы лас қызметкерлер білім саласын табыс табу көзіне айналдырған. Бұл бойынша қызметкерлердің үстінен бірнеше қылмыстық іс қаралды. Әлі де қаралатын болады, - деді Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды.

Жемқорлық фактілеріне байланысты өңірде бухгалтерлік жүйені өзгерту қолға алынған. Соның нәтижесінде 1300-ден аса артық штаттық орын анықталған. Жауаптылар жоқ жұмысшыны көрсетіп, мемлекеттен айлық ретінде ақша алып келген көрінеді.

Біз өзіміз мектептерді тексеріп шықтық. 1383 артық штат жасап, қаржы алып отырғаны анықталды. Оларды кезең-кезеңімен қысқарту жұмысы жүріп жатыр. Мұны қоғам болып бірлесіп шешуіміз қажет, - деді облыс әкімі.

Жыл басынан бері 7 мыңнан аса бала балабақшада жалған тіркеліп тұрғаны да белгілі болған. Бұл бойынша тиісті тергеу жұмыстары жүріп жатыр.
28 тамыз 2024 ж. 289 0

Назым Қызайбай - финалда

13 қыркүйек 2025 ж. 123

Қазалыдағы қарбалас тірлік

13 қыркүйек 2025 ж. 120

Тілге құрмет – елге міндет

13 қыркүйек 2025 ж. 111

Тұрғындар тілегі назарда

13 қыркүйек 2025 ж. 115

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930