Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ақмолада жалған дипломмен сабақ беріп жүрген 15 мұғалім ұсталды

Ақмолада жалған дипломмен сабақ беріп жүрген 15 мұғалім ұсталды

Кінәсін мойындағанын және өкінетінін ескеріп, сот әр педагогке 10 АЕК (25 250 теңге) көлемінде айыппұл түрінде жаза тағайындады.

Ақмола облысы Біржан сал ауданының прокуратурасы оқушылардың сапалы орта білім алу құқықтарын қорғау мақсатында Білім туралы заңнаманың сақталуына талдау жүргізген болатын. Нәтижесінде жалған дипломмен сабақ беріп жүрген 15 мұғалім ұсталды, деп хабарлайды oinet.kz порталы.
Орта-арнайы білімі бар педагог қызметкерлер әртүрлі кезеңдерде лауазымдық жалақыларына үстеме алу мақсатында ауданның жалпы білім беретін мектептеріне жоғары білім туралы жалған диплом берген, 
«Бастауыш сынып, қазақ тілі мен әдебиеті, дене шынықтыру, математика және еңбек мұғалімдері жалған дипломмен сабақ өткізген. Жалған құжатты қолданғаны үшін Қылмыстық кодекстің 385-бабының 3-бөлігі бойынша 15 мұғалімге қатысты қылмыстық іс қозғалды»,- делінген хабарламада.
Кінәсін мойындағанын және өкінетінін ескеріп, сот әр педагогке 10 АЕК (25 250 теңге) көлемінде айыппұл түрінде жаза тағайындады. Қылмыстық іске байланысты тексеріс жалғасын табуда. 

06 қыркүйек 2019 ж. 886 0

Шегіртке шепті бұза ма?

31 мамыр 2025 ж. 48

Сазгер кеші

31 мамыр 2025 ж. 60

Алтын арқау «АЗиЯ»

30 мамыр 2025 ж. 104

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031