Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Маймыл шешегі: қауіпке қарсы қарекет

Маймыл шешегі: қауіпке қарсы қарекет

Фото: ашық дереккөзден
Аргентинада маймыл шешегін таратады деген күдікпен бидай таситын кеме карантинге алынды. Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, Либерияның туын таққан су көлігі Бразилияның Сантос қаласынан жеткен. Ал оның бортындағы үндістандықтың мойны мен бетінен жара байқалады. Сондықтан дәрігерлер экипаж мүшесін оқшаулаған. Бұл қайдан келген індет? Қазақстанға қаупі жоқ па?

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегінше, биыл маймыл шешегі әлемнің 116 елінен анықталған. Дегенмен мамандар коронавируспен салыстырғанда бұл ауруды бақылаудың тәсілдері белгілі деп отыр.
Маймыл шешегі – маймыл шешегі вирусынан туындайтын зооноздық (адамға жануарлардан жұғатын) жұқпалы ауру. Сондай-ақ, бұл инфекция адамнан адамға берілуі мүмкін. Алғаш рет маймыл шешегі 1958 жылы зертханалық маймылдар колониясында, ал адамдарда 1970 жылы анықталған. Негізінен маймыл шешегі Орталық және Батыс Африка елдерінде кездеседі. 2022 жылғы мамырда маймыл шешегі эндемиялық емес бірнеше елдерде анықталыпты. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, бүгінге дейін маймыл шешегі әлемнің 75 елінде анықталған, 16 мыңнан астам жұқтырған және 5 адам қайтыс болған. Көбінесе инфекция Еуропа мен Америкада анықталады, ерлер арасында жиі кездеседі.
Кез келген адамда маймыл шешегіне ұқсас белгілер байқалған кезде дереу медициналық көмекке жүгіну керек. Ауру – маймыл шешегі вирусынан туындайтын зооноздық, яғни адамға жануарлардан жұғатын жұқпалы ауру. Аурудың белгілері 5-21 күнде көріне бастайды. Вирус жұқтырып алған адамды дене қызуы, бас ауруы, бұлшық ет пен арқаның ауырсынуы, дененің қалтырауы мен лимфалық түйіндердің үлкеюі сияқты негізгі белгілер мазалайды. 1-3 күннен кейін денеге бөртпе шығады. Бұл – аурудың қызба кезеңі. Бөртпе алдымен бетке, одан соң бүкіл денеге таралады. Бөртпенің іші суға толып, артынан іріңдейді. Сосын қабыршақтанып түседі. Оның орны тыртық болып немесе пигмент дақ боп қалуы мүмкін. Науқас 2-4 апта ішінде жазылады.
Шешекке қарсы вакцина алған адамдар маймыл шешегінен белгілі дәрежеде қорғалған деп саналады. Шешекке қарсы вакцинация шешек бірінші толық жойылған ауру деп жарияланғандықтан 1980 жылы тоқтатылған. Бастапқыда қолданылған вакциналар енді халыққа қол жетімсіз, ал 40-50 жасқа дейінгі адамдарың көпшілігі шешекке қарсы вакцинацияланбаған. Кейде кейбір зертханалар мен денсаулық сақтау мекемелерінің қызметкерлеріне шешекке қарсы жаңа вакцинация жүргізіледі. Мысалы, 2019 жылы маймыл шешегінің профилактикасы ретінде ең жаңа шешекке қарсы вакциналардың бірі (MVA-BN, сондай-ақ Imvamune, Imvanex немесе Jynneos деп те аталады) мақұлданды, бірақ ол әлі кеңінен таралған жоқ.
Қазіргі уақытта ДДҰ вакциналардың қолжетімділігін арттыру үшін өндірушілермен жұмыс істеуде. Шетелден келген әуе бортында алда-жалда маймыл шешегін жұқтырған жолаушы шықса, біздің мамандар дереу анықтап оқшаулайды. Қауіпті дерттің дендеуіне жол бермейді. Осы мақсатта бүгін әуе айлағында арнайы оқу-жаттығу өтті.
Бұл – шетелден ұшып келген рейс. Борт командирі әуежай мамандарына маймыл шешегін жұқтыруы мүмкін жолаушы бар екенін хабарлады. Жолаушылар арнайы алгоритм бойынша санитарлық-карантиндік алаңға бағытталды. Алдымен дене қызуын өлшейтін құралмен тексерілді. Жолаушылардың бірінің температурасы жоғары екені анықталып, арнайы бөлмеге оқшауланды. Алгоритмге сай, карантин бөлмесіне жеткізілген жолаушыға үш минуттың ішінде жедел жәрдем қызметкерлері келіп, тиісті көмек көрсетуі тиіс. Қан қысымы, дене қызуы сияқты денсаулығына қатысты мәліметтер толтырылады.
15 тамызда маймыл шешек ауруының жылдам таралуына байланысты әлемдік төтенше жағдай жарияланған. Кейінірек еліміздегі денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті (КСЭК) үндеу жасады. Қазақстанда әзірге маймыл шешегін жұқтыру оқиғасы тіркелмеген. КСЭК осы инфекцияны ел аумағына әкелмеуге жол бермеу бойынша профилактикалық шаралар қабылданғанын хабарлады.
Маймыл шешегі, көбінесе, жабайы жануарлардан жұғады. Мәселен, тістеп қойса, жануардың биологиялық материалы ашық жарақатқа түссе, вирус ағзаға тез таралады. Сонымен қатар вирус дұрыс өңделмеген ет арқылы жұғуы мүмкін. Ал адамдар арасында ауа арқылы тарайды. Бірақ инфекцияны жұқтыру үшін науқас адамның жанында ұзақ жүру керек. Сондықтан маймыл шешегі отбасының ішінде тез таралады. Кейбір ғалымдар аурудың негізгі таратушысы балалар деп есептейтінін де айтып жүр. Ал індеттен қалай сақтануға болады?
Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті қалай вирустың алдын алуға болатынын айтып, қазақстандықтарға қорғаныс амалдары бойынша үндеу жариялады. Ауырған адамдарға және инфекция жұқтырған жануарларға (вирустық тасымалдаушы болуы мүмкін: маймыл, егеуқұйрық, тиін және басқа да жабайы жануарлар) жақындамау қажет. Қорғаныш құралдарын пайдалану да маңызды. Жануарлармен жұмыс істегенде, әсіресе зертханалық жағдайда немесе оларға күтім жасау кезінде қорғаныш киімдерін, қолғаптар мен маскаларды қолдану керек. Қолды сабынмен мұқият жуу мен дизенфекциялық құралдарды қолдану сияқты гигиеналық талапты қатаң сақтау да инфекцияның таралу қаупін азайтуға көмектеседі. Бөртпе, дене қызуының жоғарлауы, бас ауруы және шаршау сияқты белгілер пайда болған кезде медициналық көмекке, дәрігерге жүгіну маңызды.
Жақында маймыл шешек ауруының жылдам таралуына байланысты әлемдік төтенше жағдай жарияланды. Инфекция ошағы саналатын Африка елдерінде 2023 жылы маймыл шешегінің тіркелу жағдайы едәуір өскен. Ал биылғы көрсеткіш былтырғыдан да асып түсіпті. Бүгіннің өзінде 14 мыңнан астам жағдай тіркелген.
– Конгоның шығыс бөлігінде маймыл шешегінің жаңа түрі тез таралуда. Енді оның көрші елдерде немесе Африканың басқа да мекендерінде тарап кету мүмкіндігі алаңдатып тұрған мәселе, – деп атап өтті ДДСҰ басшысы 15 тамыздағы мәлімдемесінде.

Айнұр ӘЛИ
24 тамыз 2024 ж. 188 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031