Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Отбасы – Отан тірегі

Отбасы – Отан тірегі

Ұлт болашағының ең басты тұғыры, іргетасы – отбасы. «Отан отбасынан басталады» деген сөздің де түп-төркіні – осы. Ұлттың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, тұтастай алғанда болмысын сақтайтын ең басты орын, оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, уақыт пен кеңістіктен аман сақтап, келешекке аманаттап тапсыратын әлеуметтік орта да – отбасы. Олай болса, отбасы – кез келген мемлекеттің, кез келген халықтың – бүгіні мен болашағының бүтіндігінің кепілі.

Елімізде бүгінге дейін осынау құндылықтың маңызын қо­ғам өмірінде одан әрі арттыру мақсатында жыл сайын «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы өтіп тұрады. Жылдағы дәстүрге сай мерейі артқан отбасылар байқауы биыл да жалғасын тапты.
Жуырда Роза Бағланова атын­дағы аудандық мәдениет орта­лығында «Мерейлі отбасы – 2024» ұлттық байқауының аудандық кезеңінің жеңімпаздары марапатталды.
Шарада аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет байқаудың үздігі атанған отбасыларды құттықтап, лебізін білдірді.
– Қазақ халқы қашанда отбасын сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың киелі ошағы санаған. Сондықтан әрдайым көзінің қарашығындай қорғап, ар-намысын сақтауға, тәрбиелеуге, өз ұрпағының елге адал қызмет етуіне аса мән берген.
Елімізде 2014 жылдан бері отбасы құндылықтарын нығайту, отбасы мәртебесін көтеру мақ­сатында «Мерейлі отбасы» ұлт­тық конкурсы дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Ал биыл аталмыш байқауға ауданымызда 23 отбасы қатысты.
Қазылардың шешімімен жеңім­паз атанған отбасыларды шын жүректен құттықтай отырып, облыстық кезеңде де үздіктер қатарынан көрінуге тілектестігімді білдіремін, – деді аудан басшысы.
Мұнан соң аудан әкімі байқауға қатысқан барлық отбасыларды «Берекелі отбасы», «Зияткер отбасы», «Бақытты отбасы» сынды түрлі номинациялармен марапаттап, сый-сияпат табыстады.
Қазалы ауданы бойынша іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша бас жүлде Шәкішевтер отбасына бұйырды. Ал Байқадамовтар отбасы бірінші орын иегері атанды. Сол секілді екінші орынды Ақниязовтар және үшінші орынды Орақбаевтар отбасы иеленді.
Салтанатты шарада байқауға қатысқан өнерлі отбасылар мен аудан өнерпаздары әннен шашу шашып, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Байқауда бас жүлде және бірін­ші орын иегері атанған, яғни Шәкішевтер мен Байқадамовтар отбасы Қызылорда қаласында өтетін облыстық байқауға қатысуға жолдама алды.
Айта кетейік, өнегелі құнды­лықтарды жаңғыртуға және отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы жыл сайын ұйымдастырылып отырады.

Серік АҚМЫРЗА
17 тамыз 2024 ж. 148 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031