Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Мерейлі отбасы» республикалық ұлттық конкурсына қазалылық Сидеренко жанұясы қатысады

«Мерейлі отбасы» республикалық ұлттық конкурсына қазалылық Сидеренко жанұясы қатысады

Ұлт болашағының ең басты іргетасы, қазығы — отбасы. «Отан отбасынан басталады» деген сөз де осы тұрғыда айтылған.
Ата-бабамыздың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, тұтастай алғанда ұлт болмысын сақтайтын ең басты құрал, оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп, уақыт пен кеңістіктен аман сақтап, келешекке аманаттап тапсыратын әлеуметтік орта да – отбасы. Былайша айтқанда әр отбасы -сол ұлттың айнасы іспетті. Осы ретте, ұйымдастырылып отырған «Мерейлі отбасы» республикалық ұлттық конкурсының аудандық байқауына Басықара ауылынан Сидеренко отбасы қатысып, өз бақтарын сынамақшы. Әкенің тәрбиесін алып, ананың мейірімін көріп өскен үлкен әулетке аталған байқауда жеңіс тілейміз.
Сидеренко жанұясы туралы тарқатып айтар болсақ, отағасы Алексей қарапайым жүргізуші, көп балалы әке. Үйінің ұйытқысы болып отырған жары Гүлнар көп балалы ана. Балаларының барлығын жастайынан салауатты өмір салтын ұстануға үйреткен. Осының нәтижесінде үлкен ұлы спортқа қызығып, тұрақты түрде грек-рим күресіне қатысып бастайды. Алдыңғы арба қайта жүрсе, соңғысы сол жаққа жүреді деп қазақ бекер айтпаған.Себебі, жанұяның барлық перзенттері бірі-біріне еріп, серік болып әр түрлі спорттарға қатысады. Сонымен қатар жетістіктері де жетерлік. Мысалы екінші перзенті Таисияның жетістіктерінің өзі ауыз толтырып айтарлықтай. Барлық балаларының болашағынан үміт күтетін Алексей ағамыз тынымсыз еңбек етуде. Алексей ағамыздың жанұясына аталмыш байқауда жеңіс тұғырынан көрінсін деп тілейміз. Барша қатысушы жанұяларға сәттілік.
09 маусым 2023 ж. 474 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 160

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 147

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 168

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031