Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Түрікменстан Президенті Астанаға келді

Түрікменстан Президенті Астанаға келді

Фото: Үкімет
Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VI консультативтік кездесуіне қатысады. Түрікменстан басшысын Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов қарсы алды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан мен Түрікменстан өзара іс-қимылдың барлық спектрі бойынша сауда-экономикалық ынтымақтастықты белсенді түрде кеңейтуде. Мәселен, 5 жыл ішінде екі ел арасындағы өзара сауда көлемі 4 есеге өсіп, тек соңғы жылдың өзінде 28%-ға артты. Биылғы 6 айда тауар айналымы $237,2 млн-ды құрады.

Бүгінгі таңда ынтымақтастықты арттырудың перспективалы бағыттары – газ және транзиттік-көлік салалары. Онда автожолдарды реконструкциялау және салу бойынша бірқатар ірі жоба іске асырылып жатыр. Оның ішінде ұзындығы 225 шақырым болатын «Қазақстан шекарасы – Гарабогаз – Түрікменбашы» жаңа автожолының және Гарабогазгол шығанағы арқылы өтетін жаңа көпірдің құрылысы бар. Ұзындығы 165 шақырым «Жаңаөзен – Түрікменстан шекарасы» автожол учаскесін реконструкциялау жобасы пысықталуда.
09 тамыз 2024 ж. 210 0

Бәрі бала болашағы үшін

12 сәуір 2025 ж. 104

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930