Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Еңбек еткеннің еңсесі биік

Еңбек еткеннің еңсесі биік

Әдетте локомотив шаруашылығының нәтижелі жұмысы темір жол бойындағы көліктер көрсеткішімен өлшенеді. Көбіміз аңғара бермейтін жүк, жолаушылар тасымалының қалыпты тіршілігі үшін техникалық жағдайы маңызды. Кез келген техникада күшпен қатар қауіп те кездеседі. Мыңдаған тонна ауырлықты қайыспай сүйреп, айшылық алыс жерлерге жылдам барғызатын теміржол көліктерінің қуатты дизелінің жағдайын байыптауға Қазалы локомотив жөндеу зауытындағылар ерекше назар аударады.
1980 жылдың қаңтарында депоға бірінші разрядты дизель жөндеуші болып жұмысқа қабылданған Тарғын Маханов кәсіби шеберлік, тындырымдылығымен танылған. Дизель – тепловоз ең маңызды бөлшегі. Оның құрамындағы ірілі-ұсақты қосалқы заттың атауын «бес саусақтай» білетін маманның бойындағы жауапкершілігі мен ұсынықтылығы өз ісін терең түсінуге септескенін топшыладық.
Бүгінде ол дизель қуатының жетімсіздігі, үздіксіз отынды көп пайдалану, дизель ақаулығынан пайда болатын дыбыстар, цилиндрдегі поршеннің сақиналарын ауыстыру дейсіз бе, ақаулықтың қай-қайсысын да дәрігердей тап басып айтады. Тарғынның тәжірибесі, өнертапқыштық қабілеті арқасында жүзеге асқан жұмыстар көп. Қандай тапсырмаға да жан-тәнімен кірісетін дизель жөндеушінің өнегелі жолын жастар үлгі етеді. Зауыттағы қаншама буын жасқа тәлімгер болған аға буыннан ақыл, кесімді кеңес сұрайтын әріптестері де аз емес.
Жұмысын «тынысым» деп білетін азаматтан жеке бас қасиеттері, өскен ортасы туралы айтуымызды өтінгенімізде кейіпкеріміз: «Мен еңбек адамымын. Әкем жүрген жолмен жүрдім. Өз ісімді ұнатамын», – дейді істеп жатқан ісін үзбестен.
Әкесі Тілеужан Махановтың жолын абыроймен жалғап келе жатқан Тарғыннан тараған Медет пен Азамат та дәл осы саланы таңдаған. Жұбайы Ақтілек Үсенқызы да теміржолшыларды дайындайтын Қазалы көлік-техникалық колледжінде мейірбике.
«Теміржол дөңгелектернің сенімді соғып, көліктерінің тоқтаусыз жүріп тұруы – бізді қуанышқа бөлейтін жағдай. Жаңа өзгерістер мен жақсы қадамдарға жаршы болудан асқан жетістік болсын ба?» – дейді қоштасарда. Таңдауын сүйген ердің үлгілі ісін көріп, еңбек еткеннің еңсесі биіктігін ұғындық.

Алтын ҚОСБАРМАҚОВА
03 тамыз 2024 ж. 208 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031