Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Су ма, “у” ма?

Су ма, “у” ма?

Жолға шықсаң көлік жүргізушінің қолында қос-қостан энергетикалық сусын. Дүкен сөресінде де қызылды-жасылдысы толып тұр. Жастар бас қосса болды, бір-біреуден дәмін татады. Салқыны болса болғаны. Ал көшедегі қоқыс жәшігі осы сусындардың қаңылтыр құтысына толған. Біз өзі не ішіп жүрміз?

Бірде белсендірілген сусынды ішуге тура келді. Әр аптаның дүйсенбісі газет шығады. Оның алдында достық отырыспа болып, ұйқыға кеш жатқанмын. Таңертең ерте тұрып, тірлікпен жүріп, жұмысқа шаршау келдім. Аз уақыт ұйықтаған соң көзім еріксіз ілініп барады. Ұйқым ашылады ма екен деген оймен жақын жердегі дүкеннен энергетикалық сусын алып іштім. Мендегі ой – бет оқырда сергек болу. Жоқ. Көзім ашылып, бойым сергіп, ұйқым қанғандай күй кештім. Осының күшімін кешке дейін сергек жүрдім. Кешкісі былай тұрсын таңғы 4-5-тер шамасында әрең дегенде көз ілдім. Әлгі сусынның әсері. Ертеңі қайтадан салым суға кетіп, сүреңсіз күй кештім. Ұққаным, сусынның әсері уақытша ғана екен.
Әрине, жаз басталса ішетініміз энер­гетикалық сусындар. Тіпті көктем мен күзде, қыста да сұранысын жоғалтпайды. Ал оның «у» екенінен хабарымыз бар ма? Сауда орнына бара қалсаң олардың жеті атасы тұрады. Түрлі-түсті бұл шөлқандырардың ағзамызға әсері қандай? Білетініміз – жылына әлемде бірнеше мыңдаған адам осы сусынның зиянынан қайтыс болады екен. Жаз мезгілінде сусынның нағыз саудасы қызатын кез. Әсіресе, күн ыстықта шөлдеген адамның салқын сусынға деген тәуелділігі арта түседі. Ағзаның 60 процентін су құрайтыны белгілі. Ендеше бойдағы тепе-теңдікті сақтау үшін күнделікті қажетті мөлшерде су ішіп тұру керек. Дегенмен, табиғи сусын мен құрамында түрлі қоспасы бар жасанды сусындардың айырмашылығы жер мен көктей. Табиғи шикізат негізінде дайындалған сусындарға су, сүт, минералды сулар, көкөніс пен жеміс-жидектің шырындары, сонымен қатар, ерекше өңдеу арқылы алынған толық табиғи сусындар, яғни қымыз, айран, шұбат, шай, кофе, какао, морс, квас, қышқыл шилерді жатқыза аламыз. Бұл сусындармен шөліңізді қандыруға әбден болады. Ал, құрамында қоспасы көп, тәттілігі басым сусындар салқындық ләззатын бергенімен, адамды одан әрі шөлдете береді, шөлдете береді. Содан кейін сол адамның энергетикалық сусынға деген тәуелділігі артады.
Бүгінде сатылымда шөліңді әп-сәтте басып, сергітетін энергетикалық сусынның саны артқан. Расында шөліңіз басылып, бір сергіп қаласыз. Адам ағзасын лезде үйіріп әкететін бұл сусынның не құдіреті бар деуіңіз мүмкін. Энергетикалық сусынның бір бөтелкесі бір күндік қажетті витаминдердің дозасын құрайды. Сондықтан оны тәулігіне біреуден артық ішпеген жөн. Сусынның құрамындағы глюкоза қанға тез сіңіп, оттегіге байытылған қанмен миға және бұлшықеттерге көмірсутектер жеткізеді. Алайда оның зиянды жағын айтпаса да белгілі. Дәрігердің айтуынша, бұл сусындардың құрамындағы әртүрлі қоспа орталық жүйке жүйесі, жүрек-қан тамыр ауруына шалдықтыратын көрінеді. Көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын энергетикалық сусындарды жиі тұтыну тахикардия, қант диабеті, психомотрлық қозу, жоғары дәрежедегі невроз, күйзеліс сияқты ауыр дертке душар етуі ықтимал. Сондай-ақ, қатерлі ісік пен ер адамның белсіздікке ұшырауына да әсер етеді екен.
Газдалған тәтті сусынның кері әсерін анықтаған мамандар да дабыл қағуда. Себебі, өндірушілер өнімнің өтімділігін арттыру үшін оған түрлі табиғи емес қоспаларды қосады. Заң бойынша мұндай қоспаларды белгіленген нормамен ғана қосуға рұқсат еткен. Алайда газдалған сусынды көп мөлшерде қолдану қатерлі ісікке әкеп соғады. Семіздіктің де басты себепшісі. Халқының денсаулығына алаңдаған бірқатар елде бүгінде энергетикалық, газдалған тәтті сусынды сатуға тыйым салған. Бұл сусындар Франция мен Норвегияда ресми түрде рұқсат етілмеген дәрі ретінде тек дәріханада сатылады. Энергетикалық сусын ағзаны тек энергиямен қамтамасыз етеді. Сусында ешқандай энергия жоқ, ол тек энергия қоздырушысы. Яки біз өз энергия қорымызды пайдаланамыз, қысқаша айтқанда, энергияны өзімізден аламыз. Алайда ерте ме, кеш пе мұны шаршағандық, ұйқысыздық, ашушаңдық түрінде қайтаруға тура келеді. Жылына 180 мыңнан аса адам аталған сусынды пайдаланудан көз жұмады. Бұл мәселе үкіметті де алаңдатып отыр. Ендігі елімізде кәмелеттік жасқа толмағандарға энергетикалық сусын сатуға тыйым салынады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі, лотерея қызметі, денсаулық сақтау, мемлекеттік еңбек инспекциясы, мемлекеттік бақылау және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
«Өскелең ұрпақтың денсаулығын энер­гетикалық сусындардың зиянды салдарынан қорғау үшін мұндай сусындарды 21 жасқа дейінгі адамдарға сатуға тыйым салынады», – делінген құжат сипаттамасында.
Жалпы Заң арқылы халықтың ойынға тәуелділігін төмендетуге бағытталған шектеуші және ынталандырушы нормалар енгізіледі. Олар: құмар ойындарға/бәс тігуге қатысуына тыйым салынатын адамдар санатының тізімі кеңейтілді; мемлекеттік лауазымды атқаратын қызметкерлерге құмар ойындарға/бәс тігуге қатысуына шектеу қойылады; бұдан былай әскери қызметшілер, арнайы және құқық қорғау органдарының қызметкерлері, бюджеттік ұйымдардың басшылары құмар ойындарға/бәс тігуге қатыса алмайды; букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардың жарнамаларына шектеу қойылды.

P.S: Өзгенің қаңсығын таңсық қылатын әдетімізді қоятын кез келді. Дегенмен бұл әдеттен қалай арыламыз? Әрбір адам үшін өз жанының саулығы маңызды. Сол үшін денсаулығымызға жауапты өзіміз екенін естен шығармайық.


Айнұр ӘЛИ
10 шілде 2024 ж. 52 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031